Басты бет / Филология / Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы / Кусанов Серикбай Клышбаевич

Кусанов Серикбай Клышбаевич

Лауазымы: аға оқытушы
қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы
Kosan_1964@mail.ru
       Қосанов Серікбай Қылышбайұлы өзінің ғылыми-педагогикалық еңбек жолын 1991 жылы Қазақ қыздар мемлекеттік институтының қазақ тілі кафедрасында оқытушы қызметінен бастады. 1998 жылы ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба және текстология бөліміне кіші ғылыми қызметкер болып қабылданады. 2004-2006 жылдары аталған институттың «Ежелгі дәуір әдебиеті» бөлімінде ғылыми қызметкер, ал 2006 жылдың қыркүйегінен бастап, институттың бас ғылыми қызметкері әрі «Қолжазба және электронды жүйелеу» бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады. 2005 жылы С.Қосанов 10.01.02. – қазақ әдебиеті мамандығы бойынша «Базар жырау Оңдасұлының әдеби мұрасы (Ақындық дәстүр, жанр, поэтика)» атты тақырыптағы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғайды. Ол «Ежелгі дәуір әдебиеті» бөлімінде қызмет ете жүріп, 2003-2005 жылдарға арналған «Көне түркі дәуіріндегі және орта ғасырлардағы әдебиет» атты іргелі зерттеу жобасын жүзеге асыруға қатысты. Зерттеу нәтижелері М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты дайындаған он томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» 2¬-томына (2006) және 3-томына (2008) енді. Ол сондай-ақ, «Жыраулар поэзиясындағы тәуелсіздік идеясы мәселелері» атты 2009-2011 ж.ж. арналған үш жылдық зерттеу жобасына жетекшілік жасады. С.Қосанов 2006-2010 жылдары «Бабалар сөзі» 100 томдық сериясының 25-63 томдар аралығында жауапты редактор қызметін атқарды. 2013 жылы ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының шақыруымен жалпы білім беретін мектептерге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендеріне, 2020-2021 Республикалық Тест орталығында фольклор және түркітану пәндері бойынша ғылыми сарапшы болды. 2014-2015 оқу жылында С.Қосанов «Ғылым ордасы» Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығында «Көне түркі әдебиеті» докторанттарға дәріс оқыды. 2010-2017 жылдары «Ежелгі және орта ғасыр әдебиеті» бөлімін басқарады. Ғалымның «Балқы Базар жырау» монографиясы (2012), «Тәзкире-и Бұғра хан» түркі жазба ескерткішінің аудармасы (2007), «Көне түркі әдебиетінің типологиясы» (2014), «Евразия түркілері: әдеби-мәдени сұхбат» (2016) бірнеше ұжымдық ғылыми зерттеулер жинағы, жүзден аса ғылыми-әдеби мақалалар мен поэзиялық шығармалары «Аралды аңсау» (1997), «Жүрегімде жүз өлең» (2007) жарық көрген. Ол 2008 жылы отандық ғылым мен мәдениеттің дамуына сіңірген сүбелі үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен», 2021 жылы «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымының «Алғыс хатымен» марапатталған.
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
С.М.Киров атынд.ҚазМУ Жоғары 1991
Ғылыми дәрежесі
Мемлекеттік сыйлықақылар
Сыйлықақылар атауы Берілген күні
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы


Файл атауы Тақырыбы Сипаттамасы
Әдебиеттерді салыстыра зерттеу принциптері
СӨЖ әдістемелік көрсеткіш

1

Кусанов Серикбай Клышбаевич 4. Қосан С. Балқы Базар жырау: Ақындық дәстүр, жанр, поэтика / Жауапты ред.: Ж.Тілепов. – Алматы: ЖК "Сейітжанова Ж.Д.", 2012. – 268 б. ЖК "Сейітжанов Ж.Д." 2011 - г. ISBN 978-601-06-2250-0 268 - стр. ҚАЗАҚСТАН

2

Кусанов Серикбай Клышбаевич 1. Тәзкире-Бұғра хан (қазақша аудармасы, факсимиле). / Көне түркі тілінен аударып, ғылыми алғысөз, қосымшаларын дайындаған – ф.ғ.к. С.Қосанов. "Толағай" баспасы 2007 - г. ISBN 978-60-7066-01-7 288 - стр. ҚАЗАҚСТАН

3

Кусанов Серикбай Клышбаевич 6. Көне түркі әдебиетінің типологиясы. Ұжымдық монография. / Жауапты ред.: С.Қосанов / Evo Press 2014 - г. ISBN 978-601-230-047-5 416 - стр. ҚАЗАҚСТАН

4

Кусанов Серикбай Клышбаевич 7. Еуразия түркілері: әдеби-мәдени сұхбат (ХІХ-ХХ ғғ.) / Ұжымдық монография. / Жауапты ред.: С.Қосанов / "Әдебиет әлемі" 2017 - г. ISBN 978-601-7414-76-4 280 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0