Сейітжанов Зұфар Нұрсапаұлы, филология ғылымдарының докторы, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының профессоры. ҚР БҒМ Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Зұфар Сейітжановтың 200-ден астам әдеби-ғылыми мақалалары мен 4 авторлық куәліктің авторы. Бірнеше ұжымдық монографиялар: «Қазақ фольклористикасының тарихы» (1988), «Фольклор шындығы» (1990). «Қазақ фольклорының тарихилығы» (2001), «Қазақ әдебиетінің тарихы» (2004) авторларының бірі. Сонымен бірге бірнеше монографиялары мен оқу құралдары жарық көрген: «Тарихи эпос» (1994), «Шыңжаң қазақ әдебиеті» (1999), «Эпостағы өмір өрнектері» (2004), «Казахский исторический эпос» (2005), «Риторика» (2006), «Көне эпос» (2008), «Қазақ халық әдебиеті» (2013). Жыл сайын өтетін «Әуезов және әлем әдебиеті», «Қабдолов және әдебиеттанудың өзекті мәселелері» және басқа конференцияларды ұйымдастыруға қатысады. Бірнеше жыр кітаптары: «Рауан» (1978), «Таңшолпан» (1988), «Қос қанат» (2011), «Езулік» (2013) шыққан. Зерттеу нысаны қытайдағы қазақ әдебиетінің туып, даму жолдары, тарихи жыр, ғұрып фольклоры, айтыс өнері, ақын Ақыт Үлімжанұлының шығармашылығы болып табылады. Зұфар Сейітжановтың «Қытай қазақтары әдебиетінің туып, даму жолдары» және «Ақыт ақын» атты зерттеулерінде негізінен шыңжаң қазақтары әдебиетінің қалыптасу, даму барысы сол кездің (XX ғасырдың алғашқы жартысындағы) тарихи, саяси-әлеуметтік жағдайларымен байланыстырыла сараланып, аймақ әдебиетінің негізгі сарыны айқындалады. Сол замандағы қазақ қоғамының әлеуметтік жағдайы, бөлінген жер мен ел тағдырының ақын шығармаларындағы көріністері қарастырылады. Озық ел болуға үндеген өлең-толғаулары және дастандары талданады. Сонымен бірге аталған мерзімдегі қытайда болған саяси әлеуметтік шаралардың, Қытай (Ханзу) әдебиетінің он¬да¬ғы қазақ әдебиетіне тигізген ықпал, әсеріне ғылыми тұрғы дан пайымдау жасалады.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1965 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Доктор |
29.11.2001 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
20.09.1995 |
профессор |
26.02.2004 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
---|---|
гуманитарлық ғылымдар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізігені үшін Ш.Уәлиханов ат. Бірінші сыйлықтың лауреаты | 01.01.1991 |
Файл атауы |
Тақырыбы |
Сипаттамасы |
---|---|---|
Әдебиет және эстетика |
Сейітжанов З. Әдебиет және эстетика |
|
Әдебиет және эстетика |
Сейітжанов З. Әдебиет және эстетика |
|
Әдебиет және эстетика |
Сейітжанов З. Әдебиет және эстетика |
|
Әдебиет және эстетика |
Сейітжанов З. Әдебиет және эстетика |
|
Әдебиет және эстетика |
Сейітжанов З. Әдебиет және эстетика |
|
Әдебиет және эстетика |
емтихан сұрақтары |
|
Ғұрып фольклоры |
Обрядовый фольклор |
|
Айтыс өнері |
Айтыс өнері Силлабус |
|
Айтыс өнері |
Айтыс өнері семинар |
|
Айтыс өнері |
Айтыс өнері СоӨЖ |
|
Айтыс өнері |
Айтыс өнері лекция |
|
Айтыс өнері |
Айтыс өнері емтихан сурақтары |
|
Айтыс өнері |
Семинар сабақтары |
|
Тарихи жырлар
Қазақ университетi 2011 - г. 18 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Тараков А.С., Дадебаев Ж..
Абайтану. Таңдамалы еңбектер. IX том. 2016-2017
" Қазақ университеті " 2016 - г. ISBN 978-601-04-1717-5 18 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Бисенғали З.Қ., Салқынбай А.Б., Тлепов Ж.., Әбдиманұлы Ө.., Мадибаева К.К., Бисенбаев П.К., Карбозов Е.К., Умбетаев М.Б., Дадебаев Ж..
Абайтану. Таңдамалы еңбектер. VIII том 2016-2017
" Қазақ университеті " 2016 - г. ISBN 978-601-04-1712-0 17 - стр. ҚАЗАҚСТАН
0
құжаттар
0