Басты бет / Филология / Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы / Ержанова Сауле Баймурзаевна

Ержанова Сауле Баймурзаевна

Лауазымы: профессор
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы
Scopus author ID: 57200044468
       ӨМІРБАЯН Ержанова Сәуле Баймырзақызы 1972 жылы туылған, ұлты-қазақ, білімі жоғары. 1989 жылы Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсіп, 1994 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтын үздік дипломмен бітірген. 1994-1996 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ізденушісі бола жүріп Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында аға оқытушы қызметте болған. 1996 жылы филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. 1999-2001 жылдары «Дарын» әлеуметтік гуманитарлық институтының «Тіл пәндері» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2001-2006 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының аға оқытушысы, «Әдебиеттану» мамандығы бойынша доцент, Аға ғылыми қызметкер ретінде ғылыми жұмыспен айналысқан. 2009 жылдан филология ғылымдарының докторы, 2011 жылы Жоғары Аттестациялық кеңестің шешімімен профессор атағын алған. 2010-2018 жылдары осы институттың Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі ретінде жоғары нәтиже көрсете білді. Ержанова Сәуле өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол бірнеше ғылыми-әдістемелік оқулықтардың авторы. Оның “Сөйлеу мәдениеті және шешендік» (оқулық, 2007ж.), «Сырлы дүние» (әдістемелік оқу құралы, 2007 ж.), «Қазіргі қазақ поэзиясының жанрлық сипаты» (көмекші оқу құралы, 2007 ж.), «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясының көркемдік тұтастығы» (монография, 2008 ж.), «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясы» (оқулық, 2010ж.) т.б. «Қазіргі әдеби үрдіс»( оқу құралы 2014), «Өлеңдік өлшем»(оқу құралы 2016), «Лирикалық жанрлар теориясы»(оқу құралы 2018), «Қазіргі қазақ прозасындағы нарратология» (оқу құралы 2020) атты оқулықтары мен ғылыми-әдістемелік еңбектері республика көлемінде кеңінен қолданысқа ие. Атап айтқанда, 3 монография, 5 оқу-құралы, 7 оқу-әдістемелік кешен мен әдістемелік нұсқаулардың авторы. «Қазақ әдебиетінің сын тарихы», «Тәуелсіздік тұсындағы қазақ поэзиясы», «Сөйлеу мәдениеті және көркем мәтін» атты мультимедиялық электронды оқулықтың авторы. Халықаралық рейтингтегі журналдарда (Скопус) 4 мақаласын жариялаған. С.Б.Ержанова әдіскер, ғалым ретінде республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтық, педагогикалық көзқарастарын қалың жұртшылыққа насихаттап келеді. Халықаралық ғылыми- практикалық конференцияларда жасаған баяндамалары қазақ әдебиеті ғылымының көкейтесті мәселелеріне арналады. 2010 жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған. 2011 жылы Ресей Жаратылыстану ғылымдарының корреспондент мүшесі, 2011 жылы Халықаралық ақпаратт
Файл атауы Тақырыбы Сипаттамасы
Қазақ әдебиетіндегі модернизм және постмодернизм
Қазақ әдебиетіндегі модернизм және постмодернизм
Қазақ әдебиетіндегі модернизм және постмодернизм
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0