1965 жылы 28 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, ҚазҰУ, филология факультеті (1990 ж.), филология ғылымдарының кандидаты. 2005 жылы профессорлар А.Қыраубаева, Ж.Тілеповтің жетекшілігімен «Сүлеймен Бақырғанидың (Хакім Ата) әдеби мұрасы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1990-1993 жылдары – Алматы қаласы Б.Момышұлы атындағы №131 орта мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімі; 1993-2001 жылдары – Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев аулындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі, мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары; 2002 жылдан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы; 2005 жылдан бастап – ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында доцент м.а., аға оқытушы қызметтерін атқарып келеді. Кәсіби біліктілігі: Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеген көрнекті ғалым, профессор Алма Қыраубаеваның ғылыми-әдеби мұраларын жинақтап, бес томдық шығармалары мен библиографиялық жинағын, кітаптарын құрастырып, жарыққа шығарушылардың бірі. Халықаралық және республикалық конференцияларға жүйелі түрде қатысып, баяндамалары жинақтарда жарияланып тұрады. Университеттің, факультеттің қоғамдық іс-шараларына белсене қатысады. АОМКДИ-дің ІІ дәрежелі дипломының (2004) иегері, Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің (2008), «Алаш айнасы» республикалық қоғамдық-саяси газеті редакторының (2013) алғысхаттарымен марапатталған. 70-ге жуық ғылыми-әдістемелік мақала мен бірнеше оқу-әдістемелік құралдың авторы.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1990

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
15.11.2005

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
12.12.2022
Қызығушылығы