Тукеев Уалшер Әнуарбекұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, МАИН академигі, Қазақстан Республикасы Жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясының академигі. 4 қазан 1946 жылы туған, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төмен-арық ауылы. Техника ғылымдарының докторы, Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық жүйелер кафедрасының профессоры. 1964 жылы Жамбыл облысы Шу қаласындағы №33 жұмысшы жастарға арналған кешкі орта мектепті бітірген. 1964 жылы Қазақ политехникалық институтының (қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті) автоматика және есептеу техникасы факультетіне оқуға түседі. 1969 жылы ҚазПТИ-дің автоматика және есептеу техникасы факультетін электронды есептеуіш машиналар мамандығы бойынша бітірді. 1969-1972 жж – есептеуіш техника кафедрасының ассистенті, техникалық кибернетика кафедрасының оқытушысы. 1973-1976 жж - Мәскеу энергетика институтының аспиранты. 1977-1991 жж. – ҚазПТИ Техникалық кибернетика кафедрасының аға оқытушысы, доценті. 1991-1994 жж – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Информатика және басқару мәселелері институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, бағдарламалық қамтамасыз ету зертханасының меңгерушісі. 1994 жылдан - Есептеу орталығының директоры, ҚазҰУ оқу-есептеу орталығының меңгерушісі. 2003 жылдан - ҚазҰУ механика-математика факультетінің ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі және оқу-есептеу орталығының меңгерушісі. 2008-2012 жж – ҚазҰУ механика-математика факультетінің ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі. 2012-2015 жж – ҚазҰУ механика-математика факультетінің ақпараттық жүйелер кафедрасының профессоры. 2015-2018 жж - ҚазҰУ механика-математика факультетінің ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі. 2018-2019 жж – ҚазҰУ ақпараттық технологиялар факультетінің деканы. 2019 жылдан - ҚазҰУ механика-математика факультеті ақпараттық жүйелер кафедрасының профессоры. 1977 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 1992 жылы докторлық диссертация қорғады. 1994 жылы профессор атағы берілді. 1993 жылы Халықаралық ақпараттандыру академиясының (MAIN) толық мүшесі болып сайланды. 2003 жылы Қазақстан Жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі болып сайланды.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Қ.И.Сәтбаев ҚазҰТУ |
Жоғары |
1969 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Доктор |
03.07.1992 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
профессор |
24.03.1994 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін | 06.10.2009 |
Мемлекеттік грант "2006 жылғы ЖОО үздік оқытушысы" | 08.01.2007 |
Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін | 01.01.2003 |
"Жұмыстағы үздік жетістіктері үшін" төсбелгісі | 28.12.1984 |
"тыңайған жерлерді игергені үшін" медалі | 03.09.1966 |
29
құжаттар
5