Басты бет / Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект / Компьютерлік ғылымдар / Шинасылов Шона Жораевич

Шинасылов Шона Жораевич

компьютерлік ғылымдар кафедрасы
Scopus author ID: 58916170800
Жасырылған
       Мен, Шинасылов Шона Жораевич, 1987 жылдың 29 қазанында Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келдім. 1994–2001 жылдары Үшарал ауылындағы Әбдір Сағынтаев атындағы орта мектепте білім алып, негізгі білім деңгейін үздік нәтижелермен аяқтадым. 2001–2005 жылдары Алматы қаласындағы Республикалық арнайы физика-математика мектеп-интернатында оқып, орта білім туралы аттестат алдым. 2005 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Машина жасау» мамандығына оқуға түсіп, 2009 жылы жоғары білімді бакалавр дәрежесімен тәмамдадым. 2012 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың маусымына дейін Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «Ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша магистратурада оқып, ақпараттық жүйелер саласындағы кәсіби біліктілігімді арттырдым. Білімімді ары қарай жетілдіру мақсатында 2016–2018 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінде «Суперкомпьютерлік және бұлттық технологиялық процестерге талдау» білім бағдарламасы бойынша екінші магистратураны аяқтадым. «Суперкомпьютерлі жүйелерде мұнайды ығыстыру есебінің визуалдылығын құрудың құралдары мен әдістері» тақырыбында ғылыми диссертация қорғап, 2018 жылы магистр академиялық дәрежесін алдым. Ғылыми-зерттеу қызметімді жалғастыру мақсатында 2022 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің «Жүйелік инженерия» мамандығы бойынша докторантураға қабылданып, 2025 жылы PhD бағдарламасын сәтті аяқтадым. Қазіргі таңда ғылыми-инновациялық жобаларға қатысып, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және цифрлық егіздер салаларында зерттеулер жүргізіп келемін.
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
Қ.И.Сәтбаев ҚазҰТУ Жоғары 2009
Академикалық дәреже