Керімбаев Нұрасыл Нұрымұлы, ғылым докторы, профессор. 1964 жылы 24 шілдеде Алматы облысында дүниеге келген. 1985 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 2000 жылы кандидаттық, 2010 жылы докторлық диссертация қорғаған. Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2021). 1985-1994 жылдары ауыл мектебінде мұғалім, директордың орынбасары қызметін атқарған. 1994 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар» және «теориялық физика және сандық модельдеу» кафедраларының оқытушысы және аға оқытушысы, 1996 жылы факультеті деканының орынбасары болып тағайындалды. 2004 жылдан бастап «Информатика және қолданбалы математика» және «Білім берудегі ақпараттық жүйелер» кафедрасының доценті. 2007-2012 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің білім берудегі ақпараттық жүйелер кафедрасын басқарды. 2012-2014 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, 2014 жыл Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры болып жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап қазіргі кезге дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің компьютерлік ғылымдар кафедрасында профессор- зерттеуші (профессор) лауазымын атқарады. Халықаралық автоматика және информатика одағының (SOCIETY OF AUTOMATICS AND INFORMATICS, Bulgaria), Балаларға қосымша білім беру бойынша Еуразиялық қауымдастығының, China Computer Federation (CCF) жетекші кәсіби ұйымының мүшесі.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
ҚазПИ |
Жоғары |
1985 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Доктор |
27.10.2011 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
доцент |
30.11.2006 |
профессор |
18.03.2021 |
31
құжаттар
9