Мен, Тукенова Ляйля Муратбековна, 22.03.1974 жылы Семей облысы, Аякөз ауданы, Мыңбұлақы ауылында дүниеге келдім. 1991 жылы Мыңбұлақ орта мектебін бітіріп, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің физика-математика факультетінің, математика және информатика мамандығына түсіп, 1996 жылы Қызыл дипломға бітірдім. 1996-2006 жыл аралығы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің физика-математика факультетінің, Қолданбалы информатика кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып қызмет жасадым. 1999-2002 жылдары аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, механика-математика факультетінің, Есептеу математикасы мамандығына аспирантураға түсіп, 2002 жылы кандидаттық диссертация қорғадым. 2006-2021 - жылдары Нархоз университетінде доцент қызметін атқардым. 2021-2024 жылдары Ғ.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің, Ақпараттық технологиялар фаультетінің, ITE кафедрасының меңгерушісі қызметін атқардым. 2024-2025 жылы Алматы технологиялық университетінің, Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы қызметін атқардым. 2025 жылы аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, ақпараттық технологиялар факультетінің, Компьютерлік ғылымдар кафедрасында доцент қызметін атқарып келемін.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
Абай атынд.ҚазҰПУ |
Жоғары |
1996 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
01.08.2021 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
13.08.2024 |
0
құжаттар
0