Мен, Балғабекова Раушан Наурызбаевна, 1972 жылы 25 маусымда Қарағанды облысында дүниеге келдім. 1991-1995 жылдары Жамбыл педагогикалық институтын бітіріп, ағылшын тілі мұғалімі біліктілігін алдым. 2006 жылдың маусым айында мен магистратураны аяқтап, филология магистрі (ағылшын филологиясы) атағын алдым. 1995-2023 оқу жылдарында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті шет тілдер кафедрасында ағылшын тілі пәнінің аға оқытушысы болып қызмет атқардым. . 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін филология факультетінің шетел тілдері кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарып келемін. Жалпы еңбек өтілі (университет) – 30 жыл. Алматыда кәсіби біліктілігімді үнемі арттырып отырамын, сертификаттарым бар. Тараз қаласында жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларына арналған «Заманауи әдістемемен оқыту – заман талабы» атты облыстық инновациялық семинарға қатыстым. Қазіргі уақытта менің халықаралық және республикалық басылымдарда 45- тен астам ғылыми жарияланымдарым, RSCI деректер базасында 2 мақалам, республикалық журналдарда 4 имидждік мақалам бар.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
пед.институт |
Жоғары |
1995 |
0
құжаттар
0