Койтасова Гульжазира Аширқызы, 1967 жылы 07 қаңтар айында қазіргі Түркістан обылысында дүниеге келген. Абай атындағы қазақ орта мектебін бітірді. 1985 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтының ағылшын тілі факультететіне түсіп (қазіргі Аблайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастары және әлем тілдері университеті) оны 1990 жылы тамамдады. Мамандығы ағылшын және неміс тілдері мұғалімі. Жұмыс тәжірибесін 1989 жылы Қазақстандағы КазЭКСТО өкілеттігінде қазақ –орыс-ағылшын тілдерінен аудармашы ретінде бастады. 1992 жылы Алматы қаласындағы № 128 М. Ауезов атындағы қазақ орта мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып істеді. 1994 жылы Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ –нің халықаралық қатынастар бөлімдеріне арналған Шет тілдер кафедрасында ассистент оқытушы қызметін қабылданды. 1995-1997 жылдар аралығында КИМЭП институтына магистратураға күндізгі бөліміне түсіп, оны тамамдап, МРА ғылыми деңгейін иемденді. 1997-2000 жылдары «Казводресурсы» компаниясының ғылыми бөлімініде аудармашы болып істеді. 2000-2001жылдары ҚазҰУ-нің жаратылыстану ғылымдары факультетінің шет тілдер кафедрасы оқытушысы. 2001-2012 жылдары тілдер аудармашысы болып қызмет атқарды. 2012-2022 жылдары Шет тілі және іскерлік карьера университетінде және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде аға оқытушы болып қызмет атқарды. 2022 жылдан бастап қазіргі кезге дейін ҚазҰУ–нің Филология факультетінің шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарып келеді. Жоғарғы оқу орындарында «Шет тілі», «Базалық негізгі шет тілі», «Екінші шет тілі», «Фонетика», «Ауызша және жазбаша сөйлеу тәжірибесі», «Арнайы кәсіби шет тілі», «Іскерлік шет тілі», «Кәсиби-бағытталған шет тілі», «Академиялық хат», «Лингвокультурология», «Үйде оқу және аудирование» пәндерінен сабақ беріп келді. Білім саласында қызмет жасауда 40-тан астам ғылыми мақалалары Отандық басылымдарда, халықаралық конференция материалдарында, халықаралық журналдарда жарыққа шықты. “Home reading with tasks” оқу құралы шықты. Оқытушы шет тілінде оқыту, қазақ –ағылшын сөз тіркестерінің мағыналық аударылуы, екі тілдегі грамматикалық шақ формаларындағы айырмашылықтары, идиомалардың аударылуы ғылыми саласында әлі де ізденіс жасауда.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
АШТПИ |
Жоғары |
1990 |
0
құжаттар
0