Менің атым – Әлмұғамбетова Маржан СӘбитқызы. Мен 1994 жылдың 23 қаңтарында Алматы қаласында дүниеге келдім. 2012 жылы №59 Абай атындағы мектеп-гимназияны тәмамдап, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің филология және аударма факультетіне түсіп, ілеспе аудармашы мамандығы бойынша білім алдым. 2018 жылы осы университетте магистратураны аяқтадым. 2018 жылдың қазан айынан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ағылшын тілі оқытушысы болып жұмыс істеймін. Осы уақыт ішінде бірнеше ғылыми мақалалар жарық көрді, олардың ішінде: • “Types Of Speech Compression While Interpreting Economic Discourse Into Kazakh Language”, 2019 ж. («Менеджмент в образовании» журналы); • “TYPES OF SPEECH COMPRESSION WHILE INTERPRETING ECONOMIC DISCOURSE INTO KAZAKH LANGUAGE”, 2021 ж.; • “Ағылшын тілдік саяси дискурста қолданылатын фразеологизмдерді ілеспе аударма барысында қазақ тіліне аудару жолдары” (Еуропалық Парламент пленарлық отырыстары негізінде), 2020 ж. (Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы журналы). Сондай-ақ мен имидждік мақалалардың авторымын: • “30 YEARS OF COURAGE” (№10, 11, 2021 ж.); • “Al-Farabi Kazakh National University is a treasure trove in the world of education” (№4, 2022 ж.); • “Gender Equality in Kazakhstan: A Guide to Sustainable Development” (№4, 2024 ж.) – «Түркі Әлемі» газетінде жарияланды. Әріптестеріммен бірге бірнеше шараларды ұйымдастырдым, соның ішінде: • «100 кітап» жобасы аясындағы «Абайдың қара сөздері ағылшын тілінде» әдеби кеші; • БҰҰ-мен ынтымақтастық жобасы аясында өткізілген «Арал теңізінің дағдарысы және су проблемалары» атты дөңгелек үстел. 2024 жылы аға оқытушы дәрежесіне көтерілдім.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

ҚазХҚӘтУ
Жоғары
2016
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0