Мен, Жемилева Мадина Маратқызы, Алматы қаласында дүниеге келіп, өстім. 2017 жылы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Педагогика және шет тілдері факультетінің «Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын және неміс тілдері)» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алдым. 2020 жылы аталған университеттің «Ғылыми-педагогикалық» бағыты бойынша магистратураны тәмамдап, педагогика магистрі дәрежесін алдым. 2019-2021 жылдар аралығында Алматы қаласындағы орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі және ағылшын тілі пәні бойынша әдістемелік бірлестіктің жетекшісі болып жұмыс істедім. Осы кезеңде мен заманауи оқыту әдістерін енгізіп, оқу үдерісін ұйымдастырып, білім сапасын арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткіздім. 2021 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеймін. Қызмет барысында мен MOODLE платформасында SPOC (Small Private Online Course) онлайн курстарын әзірлеп, енгіздім. Осындай курстардың бірі — «Academic Skills for Master's Degree Students in Biology», магистранттар үшін пайдалы құрал болып, оң пікірлер алды. 2022 жылы мен «Қазіргі мультимедиялық технологияларды қолдану және олардың онлайн және оффлайн сабақтарда қолдану жолдары» тақырыбында әдістемелік семинарда баяндама жасадым. 2023 жылы Алматы Технологиялық университетінде (АТУ) «Ақпараттық технологияларды білім беру процесінде қолдану және оның білім сапасын арттыру құралы ретінде» тақырыбында, ал 2024 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Жасанды интеллект технологияларын ағылшын тілін оқыту процесіне енгізу» тақырыбында баяндамалар жасадым. Менің кәсіби жолым білім беру процесінде инновациялық технологияларды енгізуге және үздіксіз дамуға бағытталған. Мен студенттердің тиімді оқуы үшін заманауи әдістерді қолдануды және ақпараттық технологияларды оқытуда белсенді түрде пайдалану үшін барлық жағдайларды жасауға тырысамын.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
ҚазХҚӘтУ |
Бакалавриат |
2017 |
0
құжаттар
0