Мен, Әлішева Жазира Асқарбекқызы 02.07.1992 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келдім. Ана тілім-қазақ тілі, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлеймін. 1998 жылы Меркі ауданында №48 орта мектебіне 1 сыныпқа қабылдандым. Аталған мектепті 2010 жылы аяқтадым. 2010 жылы қыркүйек айында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетіне оқуға түстім. 2014 жылы университетті "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша тәмамдамдым. 2014 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультетіне Шетел филологиясы мамандығына оқуға қабылдандым. Аталған факультетте Жалпы тілі білімі және еуропа тілдері кафедрасына жоғары білім маманы ретінде жұмысқа орналастым. 2016 жылы мамыр айында Шетел филологиясы мамандыған тәмамдап, қыркүйек айында Лингвистика мамандығы бойынша магистратураға қабылдандым. 2018 жылы Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасында Лингвистика мамандығы бойынша магистратураны аяқтадым. 2018 жылдан қазіргі уақытта жоғарыда аталған кафедраға шет тілдері пәнінен оқытушы болып қызметке тағайындалдым. 2022 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті Түркология және тіл теориясы кафедрасына Лингвистика мамандығы бойынша докторнатураға түстім.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Тараз МПИ
Бакалавриат
2014
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0