Жамбылқызы Марина (PhD докторы, доцент м.а. 1977 жылы туылған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі ғылыми-педагогикалық өтілі – 18 жыл. 2014-2017 жылдары «Білім мен ғылымды интеграциялау» жобасы бойынша Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде PhD докторанты, 2007-2018 жылдары халықаралық қатынастар факультеті шет тілдер кафедрасында аға оқытушы, 2018-жылдан бері филология факультеті, түркітану және тіл теориясы кафедрасында доцент м.а. қызметін атқарады. 2022 ж. «500 ғалым» жобасы бойынша «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты. Ғылыми тағылымдамалары: Хаджеттепе университеті (Анкара, Түркия 2015, 2016), Миннесота университеті (Миннеаполис, АҚШ 2022) Ғылыми-зерттеу жұмысы: 70 жуық ғылыми мақала. Scopus Author ID 57198424038, Хирша – 1. Авторлық куәлік – 6. Халықаралық жобаларға қатысуы: Жамбылқызы М. – 1 жоба орындаушысы. «Шетел тілі: екі шетел тілі» оқу бағдарламаларының құрастырушысы.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

"Қайнар" университеті
Магистратура
2012

ҚазМемҚызПИ

Жоғары

1998

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
24.04.2019
Қызығушылығы