Алдашева Камар Сагингалиевна – PhD докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Түркология және тіл теориясы кафедрасының доценті; жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия игері (2018 жыл); "Болашақ" бағдарламасының түлегі (Уппсала университеті, Швеция, 2022-2023 жж.). Алдашева Камар Сагингалиевна 1989 жылы 31 мамырда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін филология: қазақ тілі мамандығы бойынша үздік дипломммен бітірді. 2012 жылы лингвистика мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратура бөлімін тәмамдады. 2012-2019 оқу жылынан бастап М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасына оқытушы болып жұмыс істеді. 2013 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық университетіне 6D011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша PhD докторантураның күндізгі оқу бөліміне қабылданды. PhD докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздер: кодификация үдерістері және олардың лингводидактикалық негіздері». Ол зерттеу жұмысын 2016 жылдың 28 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы 6D010000 – Білім беру (гуманитарлық ғылымдар) диссертациялық кеңесінде сәтті қорғап шықты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2017 жылғы 15 мамырдағы №715 бұйрығына сәйкес 6D011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді. Камар Сагингалиевна – ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми жұмыстарды гранттық қаржыландыру конкурсы бойынша AP05131417 «Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдердің қалыптануы: когнитивтік және лингводидактикалық аспектілер» деп аталатын ғылыми жоба жұмысының жетекшісі; ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми жұмыстарды гранттық қаржыландыру конкурсы бойынша AP08855684 «Қазақыландырылған лексикалық жаңалықтардың менталды лексиконда шоғырлануының синергетикасы: пәнаралық модельдеудің әдіснамалық платформасы» деп аталатын ғылыми жоба жұмысының жетекшісі. Scopus деректер базасына енетін мақалалары - 5. H-хирша - 1.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2010 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
15.05.2017 |
5
құжаттар
1