Кайбулдаева Аксауле Зауытбековна 1979 жылы 1 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. 2000 жылы М.Х. Дулати атындаағы Тараз мемлекеттік университетінде «Ағылшын тілі» мамандығын бітірген. 2003 жылы Орталық Азия университетінің колледжінде ағылшын тілі мұғалімі ретінде еңбек қызметін бастады. 2004-2008 жылдар аралығында Қазақ гуманитарлық заң университетінің Алматы заң академиясында Еуропалық құқық және экономикалық зерттеулер орталығының сыртқы байланыстар үйлестірушісі және ағылшын тілі пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеді. 2006-2007 жоғарыда аталған орталық директорының орынбасары қызметін атқарды. 2008-2011 жылдар аралығында «Inter Press International House» халықаралық тіл орталығының аға оқытушысы қызметін атқарды. Ересектер мен балаларға ағылшын тілін үйретуге арналған халықаралық сертификаттары бар. 2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін алды. Оқу барысында Утрехт университетінде (Нидерланды) «Билингвизм», «Тіл эволюциясы», «Тілдің макро және микроварианттары» тақырыптары бойынша тағылымдамадан өтті. 2011-2014 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды. 2014-2015 жылдар аралығында. Астана қаласындағы «M&K» тіл орталығында өз мамандығы бойынша қызметін жалғастырды. 2017-2020 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Лингвистика» мамандығы бойынша PhD докторларын дайындау бағдарламасы бойынша білім алды. Оқу барысында Эдинбург университетінің (Шотландия) Өнер, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар колледжінің әдебиеттер, тілдер және мәдениеттер мектебінде және Вена экономика және бизнес университетінде (Австрия) тағылымдамадан өтті. 2018 жылдың 18 маусымы мен 4 шілдесі аралығында Эразмус жобасы аясында Ла Коруна университетінде (Испания) «Орталық Азия университеттеріндегі компьютерлік лингвистика бойынша пәнаралық магистрлік бағдарлама әзірлеу (CLASS)» тақырыбы бойынша оқыту курсын өтті. Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарады.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Мемл.унив.
Жоғары
2000
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0