1974 жылдың 29 шілдесінде Алматы қаласында дүниеге келді. 1981-1991 жылдар арасында орта мектепте оқыды. 1991 жылы №136 мектепті "күміс медальмен" бітірді. 1991 жылы ҚазМҰУ-тің Шығыстану факультетінің түрік тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түсіп, оны 1996 жылы "Қызыл дипломмен" бітірді. 1996-1999 жж. ҚазМҰУ-дің Шығыстану факультетінің күндізгі аспирантурасында оқыды. 1995-2013 жылдар арасында түрлі түрік компанияларында, БАҚ, телевизияда түрік және ағылшын тілдерінен аудармашы ретінде жұмыс істеді. 2013-2015 жж. ҚазМҰУ-дің Шығыстану факультеті Түркітану мамандығы бойынша магистратурасында, ал 2015-2018 жж. докторантурасында оқыды. 2020 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Терминология орталығына ғылыми қызметкер ретінде жұмысқа орналасты. 26.01.2022 жылы «Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі (газет лексикасы (1995-2015 жж.) негізінде)» тақырыбында диссертация қорғап, философия докторы (PhD) атағын алды. 3 монография, 44 ғылыми мақала авторы. 2023 жылдың мамыр айында ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті ЖТН AP19679140 ««Түркі әлемінің» қазақ және түрік тілдеріндегі лингвокогнитивтік негіздері мен терминдену үдерістерін салыстырмалы зерттеу» атты гранттық қаржыландыру жобасын, ал қыркүйек айында Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты жеңіп алды.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд ҚазМҰУ |
Жоғары |
1996 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
31.01.2022 |
0
құжаттар
0