1. Карбозова Бұлбұл Дәулетханқызы 2. PhD доктор 3. Аға оқытушы 4. Түркітану және тіл теориясы кафедрасы 5. bulakarb_83@mail.ru 6. Жоғары 7. Автобиография Мен, Карбозова Бұлбұл Дәулетханқызы, 1983 жылы ақпан айының 5-жұлдызында Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылында дүниеге келдім. Ата-анам 35-40 жыл мектепте қызмет жасаған. Әкем, Карбозов Дәулет, филология мамандығы бойынша, ал анам, Амирова Зағиша, математика саласы бойынша мамандар. Қазіргі таңда зейнетте. Менің екі ағам бар. 2006 жылы Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қолданбалы лингвистика» мамандығының толық курсын аяқтағам. Сол жылдан бастап А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Компьютерлік лингвистика» бөлімінде қызмет жасадым. 2011-2013 жж. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология мамандығы бойынша магистр атандым. 2014-2017 жж. аралығында аталған университеттің Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығында докторантурады оқып, 2019 жылы Қызылорда қаласы Қорқыт ата мемлекеттік университетінде PhD докторлық диссертациямды қорғадым. Тұрмыс құрғанмын. Көпбалалы анамын. Жолдасым қарапайым жұмысшы (жүргізуші). Мекенжайым: Алматы облысы, Талғар ауданы Бесағаш ауылы, Монтажник 1/67 жер учаскесі. 8. Маман - ғылыми зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, бірнеше іргелі және қолданбалы грант тақырыптарының орындаушысы болып жұмыс атқарған. Негізгі зерттеу аясы - Қазақ тілі Ұлттық корпусының мәселелері. Тілдің корпустық мәселелеріне байланысты 4 ғылыми жобаның орындаушысы, «Қазақ тілінің жиілік сөздігі» (2016) монографиясының авторының бірі; «Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу» атты бағдарламалық-нысаналы зерттеу бойынша орындаушы (2018-2020 жж.); PhD диссертация тақырыбы - «Қазақ тіліндегі омонимдердің когнитивті-семантикалық құрылымын ЖОО-да оқытудың әдістемесі» 9. Ғылыми еңбектерінің тізімі (монография, мақала, тезис, дөңгелек үстел материалдары): 1 Карбозова Б. Омонимдік бірліктердің құрылымдық-семантикалық мағынасын зерттеу // Общественные науки, год: 2015 | объем: 10 | вопрос: 6 | номер страницы: 1072-1075; дои: 10.3923/ наука. 2015.1072.1075 (Скопус). 2 Intonational Division of a Speech Flow in the Kazakh Language // International journal of environmental and science education. 2016, vol. 11. No. 10. 3669-3678 (Scopus) 3 Карбозова Б. Омоним сөздер мен көпмағыналы сөздердің ерекшеліктері //Х Всероссийский съезд востоковедов с международным участием
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2006 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
29.11.2019 |
0
құжаттар
0