Нәбиева Гүлназ 2013 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетін «5В01117 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 2015 жылы «6М021300 – Лингвистика» мамандығы бойынша, 2021 жылы «6D021300 – Лингвистика» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Қазіргі таңда PhD ғылыми дәрежесін алу үшін «Тілдік бәсекелестік жағдайындағы код ауыстыру» тақырыбында диссертациялық жұмысын әзірлеуде. Бакалавриатты аяқтаған кезден бері Гүлназ Серікқызы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кафедра маманы, университет Ғылыми кеңесінің бас маманы, Адам ресурстары және архив басқармасының бас маманы, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының аға оқытушысы қызметтерін атқарған. Білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында Гүлназ Серікқызы бірнеше мәрте шетелдік тағылымдамалардан өтті (Winter School of Ataturk University: Theory and methodologies of teaching foreign language, Түркия, Эрзурум; Utrecht University Summer School, Утрехт, Нидерланды; Корпустық лингвистика бойынша тағылымдама, ЭЖМ ҒЗУ, Мәскеу, РФ). Сонымен қатар, ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің «Тілді таңдау: көптілді жағдаяттан тұлғаралық қатынасқа дейін» ғылыми жобасының орындаушысы ретінде РФ, Санкт-Петербург университетінде және Германияның Франкфурт университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Магистратура |
2015 |
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Бакалавриат |
2013 |
0
құжаттар
0