Мен, Серікқазықызы Ақбота 02.09.1992 жылы Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында дүниеге келдім. 2010-2014 жж. Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университетінің «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқып, 2014 үздік дипломға тәмамдадым. 2014-2015 жж. Алматы қаласы Әуезов ауданы №104 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім. 2015-2017 жж. Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университетінің «Лингвистика» мамандығында оқып, 2017 жылы гуманитарлық ғылымдар магистрі атандым. 2021-2024 жж. Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университетінің «Лингвистика» мамандығы бойынша докторантурада оқыдым. Докторлық диссертациямның тақырыбы: «Армян-қыпшақ ескерткіштерінің лингвистикалық интерпретациясы». 2023 жылы Анкара (Түркия) қаласында орналасқан Хаджеттепе университетінде ғылыми тағылымдамадан өттім. 2024 жылы Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінің «Түркітану және тіл теориясы» кафедрасына оқытушы болып жұмысқа орналастым. Жалпы диссертация тақырыбы бойынша халықаралық конференцияларда, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдарда ғылыми мақалаларым жарияланды. Олар: 1. Serikkazykyzya А., Avakova R.A. Studies on the Armenian-Kypchak manuscripts in Turkey. – Turkic Studies Journal Journal homepage: www.tsj.enu.kz Turkic Studies Journal 4 (2023) – р. 115-129 2. Serikkazykyzy А., Avakova R.A. Armenian-kypchak monument prayer book “Algysh bitigi”: phonetic and some grammatical features. Ясауи университетінің хабаршысы. –2024. – №3 (133). https://doi.org/10.47526/2024-3/2664-0686.81 3. Serikkazykyzy A., Avakova R.A., Proverbs in the armenian-kypchak language// Tiltanym. Almaty. - 2024 (4).
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Бакалавриат |
2016 |
0
құжаттар
0