Досанова Альбина Маратхановн (PhD докторы, доцент м.а. 1984 жылы туылған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі ғылыми-педагогикалық өтілі – 16 жыл. 2007- 2011 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде PhD докторанты, 2011-2012 жылдары жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасында ассистент, 2012-2015 жылдары – аға оқытушы. 2014-2015 жж. факультеттің оқу әдістемелік кеңесінің төрағасы, 2015-жылдан жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасында доцент, 2017 ж. факультеті жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедра меңгерушісінің, 2018-2021 филология факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық бойынша орынбасары, 2022 жылы филология факультеті, түркітану және тіл теориясы кафердасында доцент м.а. қызметтерін атқарды. Білімі: 2001-2005 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті «Қазақ филологиясы: қазақ тілі» мамандығын бакалавр, 2005-2007 жж. «Тіл теориясы» мамандандығын магистратура, 2007-2011 жж. филология факультеті, жалпы тіл білімі кафедрасында «Лингвистика, жалпы психолингвистика, билингвистика» (6D020500 – Филология) мамандығы бойынша PhD докторантура бөлімін, 2016-2018 жж. «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығын үздік дипломмен аяқтады. Ғылыми марапаттары: 1) «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік жас ғалымы» 2015 жыл; 2) ҚР Білім және Ғылым министрлігі Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері 2016 жыл; 2019 жыл; 3) ҚР Тұңғыш Президенті Қорының стипендиясының Лауреаты 2017; 5) Үздік жас ғалым, І дәрежелі диплом, төсбелгі «Білім өркениеті» 2020 ж.; 6) 2022 ж. «500 ғалым» жобасы бойынша «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты. Ғылыми тағылымдамалары: Индиана университеті (Блумингтон, АҚШ 2008); Отто-фон Герике университтері (Магдебург, Германия 2011); Хельсинки университеті (Финляндия 2011); М.В. Ломаносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Мәскеу, РФ), Institut français d'études sur l'Asie centrale (IFEAC, 2016), La Coruna университеті (Ла-Коруна, Испания 2018), Адам- Мицкеевич университеті (Познань, Польша 2019), Миннесота университеті (Миннеаполис, АҚШ 2022) Ғылыми-зерттеу жұмысы: 2 монография, 75 жуық ғылыми мақала. Scopus Author ID 57331217800, Хирша – 1. Авторлық куәлік – 6. Халықаралық жобаларға қатысуы: Досанова А.М. – 5 жоба орындаушысы. «Лингвистика», «Шетел тілі: екі шетел тілі» оқу бағдарламаларының құрастырушысы.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2005 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
11.05.2012 |
4
құжаттар
1