Әл - Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетінің Шығыстану факультеті түрік филологиясы бөлімін 1999 жылы «Шығыстанушы-филолог, түрік тілі мен әдебиетінің оқытушысы, аудармашы-референт» мамандығы бойынша бітірді; 1995-1996 жылдар аралығында университет тарапынан Түркия Республикасына жіберіліп, Анкара қаласындағы Анкара университетінің Тіл, тарих және жағрафия факультетінде тіл ұстарту тәжірибесінен өткен. 1999 жылы қыркүйек айында Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің Шығыстану факультетіне қызметке орналасқан. 2001 жылы Түркия Республикасының Білім басқармасы ұсынған мемлекеттік оқу грантын жеңіп алып, Стамбұл университетінің Әдебиет факультетіне докторантураға қабылданды. 2004 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аға оқытушы қызметін атқарған. 2017 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасына докторантураға қабылданып, 2021 жылы «6D021200 – Түркітану» мамандығы бойынша «Тәуелсіз Қазақстандағы түркі халықтары поэзиясы: тарихи таным, ұлттық бірегейлік» тақырыбында профессор Әбсаттар Дербісәлінің жетекшілігінде ғылыми жұмысын қорғап, PhD ғылыми дәрежесін алды. Бірнеше ғылыми мақалалары жарияланған.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1999 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
20.12.2022 |
Файл атауы |
Тақырыбы |
Сипаттамасы |
---|---|---|
Базалық екінші шет тілі А1 |
Силлабус |
|
Базалық екінші шет тілі А1 |
прак. саб. тапс. әдіс.нұсқ. |
|
0
құжаттар
0