Айдарбек Қарлығаш Жамалбекқызы 1973 жылдың 1 сәуірінде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының «Красная звезда» ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының «Қазақстан» орта мектебін медальмен бітіріп, әль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түскен. 1995 жылы университетті үздік дипломмен бітірген соң Ғылым академиясының А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына кіші ғылыми қызметкер болып қабылданды. 1999 жылы «Адамға қатысты атауларды ономасиологиялық талдау (орыс және қазақ тілдері)» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын, ал 2009 жылы «Қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық аспектісі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғайды. Бөлім меңгерушісі ретінде «Қазақ терминологиялық жүйесін қалыптастырудың ономасиологиялық негіздері» (2006-2008), «Қазақ терминологиялық қорын қалыптастырудың лингвистикалық принциптері (стандарттау, біріздендіру, жүйелеу, нормалау)» (2009-2011), «Когнитивтік терминтаным концепциясындағы кәсіби тілдік тұлғаның ғылыми дискурсы» (2012-2015), «Көптілді қоғамдағы қазақ тілінің ұлттық-мәдени терминологиясы» (2012-2014) деген күрделі тақырыптарға жетекшілік жасады. Қазақ терминологиясы мәселелері бойынша 100-ге жуық ғылыми мақаласы жарық көрген.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд ҚазМҰУ |
Жоғары |
1995 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Доктор |
25.12.2009 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
27.12.2011 |
Файл атауы |
Тақырыбы |
Сипаттамасы |
---|---|---|
Жалпы тіл білімі |
Қазақ_тілі_А2_Силлабус_2022_2023_оқу_жылы_2_семестр (1) |
Практикалық сабақтар |
Жалпы тіл білімі |
Эдвайзерлік документ |
Қорытынды бақылау |
Жалпы тіл білімі |
Қазақ_тілі_А2_Силлабус_2022_2023_оқу_жылы_2_семестр (2) |
силлабус |
Жалпы тіл білімі |
ЖТБ СӨЖ |
|
Жалпы тіл білімі |
ЖТБ СӨЖ |
|
0
құжаттар
0