Альмухаметова Махаббат Курмашевна 1974 жылы туған. Жалпы еңбек өтілі 30 жыл. Алматы полиграфиялық училищесін (1993), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін (1998), 2020 жылы «6М042200-Баспа ісі» бойынша магистратурасын бітірген. Өнертану ғылымдарының магистрі. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде 1993-1997 жж. журналистика факультетінің хатшысы, 1997-1999 жж. методист, 1999-2000 Баспа ісі және әдеби редакциялау кафедрасы-ның аға лаборанты, 2001-2009 жж. деканатта маман, 2009-2015 жж. «Қазақ энциклопедиясы» баспасының қызметкерлер жөніндегі менеджері, 2015-2021 жж. «Қазақ университеті» баспасының жетекші маманы, 2021 жылдан қазіргі кезге дейін «Баспагерлік- редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасының маманы қызметін атқарып келеді. Жұмыс барысында түрлі тапсырмаларды, маңызға ие құжаттарға нақтылықпен жауап береді. Қызметтік міндеттерге жауапкершілікпен қарайды. 2020 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім» төсбелгісімен марапатталған. «Парасат» кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған «Ең үздік маман-2022» байқауының жеңімпазы.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд ҚазМҰУ |
Жоғары |
1998 |
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Магистратура |
0 |
0
құжаттар
0