Ибрагимова Меруерт Нұржігітқызы 1981 жылы 17 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Көктерек ауылында дүниегі келген, ұлты – қазақ. Тұрмыс құрған, бір ұл, екі қызы бар. Қазіргі таңда Алматы қаласы, Өжет ықшам ауданында тұрады. 1989–1999 жж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Көктерек ауылындағы И.В. Панфилов атындағы қазақ орта мектебін оқыған. 1999–2003 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих, археология және этнология факультеті, жалпы ортағасырлар кафедрасында бакалаврды, 2003–2005 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих, археология және этнология факультеті, деректану және тарихнама кафедрасында магистратураны оқып тарих мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтаған. 2008-2010 жж. ҚРҒА Тарих және этнология институтының ізденушісі ретінде тіркеліп «Әмір Темір әулетінің шығармалары – ортағасырлық Қазақстан тарихының дерек көзі (XIII-XVI ғасырдың I жартысы)» тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізді. 2014 жылы 24.11-20.12 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Біліктілікті арттыру институтында Қазақстан тарихы мамандығы бойынша 144 сағаттық толық курсынан өтті. 1 оқу құралы, 1 оқу-әдістемелік нұсқаулық, 30-дан аса ғылыми, 20-дан аса әдістемелік мақалалардың авторы. Ауғанстан, Қытай, Моңғолия мемлекеттерінің және жергілікті басылымдарда университет имиджіне байланысты 20-дан аса мақалалары жарық көрген.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2003 |
1
құжаттар
0