Өмірбаяным Мен Бегалиева Айша Кәріпжанқызы 1958 жылы маусымның 20 күні дүниеге келдім. 1964 жылы Шарын орта мектебінің бірінші сыныбына барып,1974 жылы аталмыш мектепті үздік бітірдім. 1977 жылы С.М.Киров атындағы мемлекеттік университеттің білім жетілдіру факультетінде лаборант қызметін атқардым. Ал 1979 жылы С.М.Киров атындағы мемлекеттік университеттің тарих факультетіне түсіп, 1985 жылы тарих және қоғамтану мамандығы бойынша диплом алдым. Университет қабырғасында оқып және қызмет атқарып жүрген кезімде көптеген қоғамдық жұмыстарды (комсомол, профсоюз, көркемөнерпаздар үйірмесінде т.б. комсомол,профсоюз съездеріне, конференцияларына,пленумға делегат болып қатыстым) атқардым. 1993 жылы Абай атындағы педагогикалық университетіне аспирантурада оқып жүріп, 1993 ж.-2007жж. Абылай атындағы халықаралық қатнастар және әлем тілдер университетінде аға оқытушы болып қызмет атқардым. 2007ж.-2009ж. Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатнастар академиясында аға оқытушы болып қызмет атқардым. 2009 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарып келемін. Осы жылдары ауған, алыс және жақын шетелден келген оралман тыңдаушыларына Қазақстан тарихы пәнінен дәріс беріп келемін. «НұрОтан» партиясының мүшесімін. Кафедра,факультет,университет көлеміндегі қоғамдық іс-шараларға қатысып, дөңгелек-үстел, онлайн-конференция т.б ұйымдастырдым. «Үміт » жетім балалар үйіне, «Ардагерлер» үйіне қайырымдылық іс-шараларды және факультетіміздегі жақсы оқумен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан студенттерге шәкіртақы тағайындап беріп келемін. Оқытушылықпен қатар « Жаңа эконамикалық саясат және қайта құру жылдырындағы аграрлық секторы: мәселені тарихи салыстырмалы талдау» атты тақырыпта ғылыми жұмыспен айналыстым. Қазіргі таңда Канадада, АҚШ- та (ағылшын тілінде) 3 - скопупсқа мақала, 100-астам ғылыми,әдістемелік,имидждік мақалалар жазылды .Осы жылдарда жазылған еңбектерім: 1. «Этнология Қазақстана: История и современность» - монография. А. Қазақ университеті. 2018. 2. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша ЖОО оқу орындарының студенттеріне арналған оқу- әдістемелік құралы А.1995. 3. « Қазақстан тарихы пәнін оқыту» әдістемелік – нұсқаулық А.2015. 4. « Таным мен тәрбие егіз ұғым» Әлеуметтік тәрбие ісіне арналған әдістемелік талдама оқу құралы А.2016. 5. «Қазақстан тарихы» Оқу құралы А.2016.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1985