Бұланова Толқынай Молдақұлқызы 1978 жылы 9 қарашада дүниеге келген.1996 жылы Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика факультетінің күндізгі бөліміне түсіп, 2000 жылы «физика пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша білім алған.Бітіру жұмысын "Сканисторлық құрылымдарды термодиффузиялық процестер арқылы зерттеу"тақырыбы бойынша қорғады. 2001-2003 жылдар аралығында Жамбыл облысы, Меркі ауданы №28 орта мектепте физика пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеді. 2003-2006 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика факультетінің магистратура бөлімінде оқып, физика мамандығы бойынша физика магистрі деген академиялық дәрежесін алып шыққан. Магистрлік дисертацияның тақырыбы "Конустың бетімен таралған жартылай шектелген ағыншаның аэродинамикасы мен жылуалмасуын зерттеу".2007 жылдан Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО- ға дейінгі білім беру факультетінде физика пәнінің оқытушысы қызметін атқарып келеді. 60-тан астам ғылыми және әдістемелік мақалалары, 1 оқу- әдістемелік құралы 2012 жылы жарық көрген.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2006 |
Файл атауы |
Тақырыбы |
Сипаттамасы |
---|---|---|
Физика |
Физика Силаус II cем |
|
0
құжаттар
0