Нұртілеуова Сандуғаш Рафикқызы 1980 жылы 21 наурызда дүниеге келген, ұлты қазақ.1998-2002 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде бакалавр дәрежесін алды. 2002-2003 жылдары Алматы қаласында Ілияс Жансүгіров атындағы №130 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарды. 2003–2005 оқу жылдары аралығында өзінің біліміне деген айрықша ынталығын көрсете білді. Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің магистратурасында оқып, «Х.Сүйіншалиевтің әдебиет тарихына байланысты еңбектері» атты магистрлік жұмысын үздік бағамен қорғап, филология магистрі – біліктілігі мен академиялық дәрежесін алды. 2005-2007 оқу жылдарында Шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінің қазақ және орыс тілдері кафедрасында 1 дәрежелі кафедра маманы қызметкері ісін, 2007 оқу жылының қыркүйек айынан бастап, осы аталған факультетте ассистент қызметін атқарды. Ол өз ісіне тиянақты. Берілген жұмыстарды уақтылы, жауапкершілікпен орындайды. С.Нұртілеуованың бірнеше ғылыми мақаласы жарық көрген. 2019-2020 оқу жылына дейін ЖОО дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында, (2020-21 оқу жылынан) қазіргі таңда жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында Нұртілеуова Сандуғаш Рафикқызы аға оқытушы қызметін атқаруда.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Магистратура
2005

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ

Бакалавриат

2002

Қызығушылығы
Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0