Қасымова Кәмшат Айбекқызы, 1995 жылы 31 желтоқсанында Алматы облысы, Көксу ауданы, Үштөбе ауылында туылған. Ұлты – қазақ. 2002-2006 оқу жылдары Алматы облысы Еңбекшықазақ ауылында бастауыш сыныптарын оқыды. 2006 жылдан бастап Алматы қаласы Г.Мүсірепов атындағы №86 мектеп- гиназиясына оқып, 11 сыныпты аяқтады. 2013-2017 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика- техникалық факультетінде «Жылуэнергетикасы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесінде білім алды. 2017-2019 жылдары «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша магистратура оқып, техника ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді. 2019 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында физика пәнінің оқытушысы болып еңбек етуде. Еңбек еткен жылдары тыңдаушыларға физика пәнінен ҰБТ-ға дайындық барысында тест сұрақтарының базасын жасады, сандық платформа арқылы ойын түрінде сабақтар өткізді. Ғылыми, оқу-әдістемелік конференцияларға қатысты. Scopus базасында 1 мақала, ККСОН журналында 2 мақала, шетелдік журналға шыққан 8 имидждік мақаласы жарық көрді. Зерттеу саласы жылуэнергетикасы, дәстүрлі емес энергия көздері, білім берудегі инновациялық технологиялар.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2017
Қызығушылығы