Мен, Касымова Жанат Пердебекқызы 1978 жылы 17 сәуірде, Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Жетісай қаласында дүниеге келдім. 1995 жылы Жетісай қаласындағы Абай атындағы орта мектепті бітірдім. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогтік институты, филология факультетінің “қазақ тілі” мамандығы және 2006 - 2008 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің “Аударма ісі” мамандығы бойынша магистратураны тәмамдадым. Еңбек жолымды 2002 - 2004 жылдары Алматы қалалық мұрағатының бас маманы қызметінен бастадым. 2004 - 2006 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінің маманы, 2012 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, Халықаралық білім беру департаментінің маманы болып жұмыс істедім. 2012 - 2015 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушысы болдым. 2024 - 2025 жылдары С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, "Тіл әлемі" көптілді білім беру орталығының меңгерушісі қызметін атқардым.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
ҚазМемҚызПИ |
Жоғары |
1999 |
0
құжаттар
0