Абилмажинова Баян Собетбековна 1967 жылы 21 қаңтарда Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Ақсу селосында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1974 жылы Ш. Уалиханов атындағы Қопа қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, 1981 жылы 7-ші класты тәмамдап, сол жылы Алматы қаласындағы О.А. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебіне қабылданып білімін жалғастырған. 1984 жылы Республикалық физика-математика мектебінің түлегі Абилмажинова Баян Собетбековна С.М. Киров атындағы ҚазМУ-нің «Қолданбалы математика» мамандығына оқуға түсіп, 1986 -1989 жылдары Ленинград Мемлекеттік университетінің «Прикладная математика-процессов управления» факультетінде оқуын жалғастырды. 1989 жылы Ленинград Мемлекеттік университетінің «Қолданбалы математика» мамандығын тәмамдады. 1989 - 2008 жылдары Алматы Технологиялық университетінде «Автоматика және есептеуіш техника» кафедрасында жас маман ретінде еңбек жолын бастап, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті қызметінде еңбек етті. 1997 жылы Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде 01.01.02 - дифференциялдық теңдеулер мамандығы бойынша «Исследование нелинейных систем тепло-массопереноса и оптимальное управление» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеті жанындағы мамандырылған кеңестің 1997 жылғы 8 шілдедегі шешімімен (№ 7 хаттама) физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін иеленген. 2008 – 2014 жылдары Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Қолданбалы информатика» кафедрасында доцент міндетін атқарушы қызметінде еңбек етті. 2014 - 2017жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Ақпараттық жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасында доцент міндетін атқарушы қызметінде еңбек етті. 2018-2022 жылдары Қазақ қатынас университетінің «Көлікті автоматтандыру, Ақпараттық жүйелер және Электроэнергетика» кафедрасында доцент міндетін атқарушы қызметінде еңбек етті. 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін Әль-Фараби ат. ҚазҰУ -нің «Математика» кафедрасында ассистент-профессор міндетін атқарушы қызметінде еңбек етеді. Ашық баспада 30-дан астам ғылыми-әдістемелік жұмыстары жарияланған.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
С.М.Киров атынд.ҚазМУ |
Жоғары |
1989 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
08.07.1997 |
2
құжаттар
2