Мен, Алимова Райхан Тынышкуловна, 1972жылы 19 маусымда Жамбыл облысы, Красногор ауданы, Қызыл тас ауылында туылдым. Ұлтым қазақ. Қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде еркін сөйлеймін. 1989 жылы Жамбыл облысы, Красногор ауданы, Ырғайты ауылы орта мектебін бітірген соң, сол жылы Алматы қаласы Муратбаев 200 көшесінде орналасқан Алматы педагогикалық шетел тілдері институтына оқуға түстім. Аталған оқу орнын 1994 жылы француз және ағылшын тілдерінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтадым. 1994 жылдан бастап Қазақ Мемлекеттік Әлем Тілдері Университеті шетел тілдерін оқыту әдістемесінің оқытушысы ретінде жұмыс істедім. 1995-1996 ж.ж. ҚазМӘТУ-дің ЖПК-да ЖОО-да шетел тілдері оқытушысы біліктілігін алу үшін оқыдым. 1996-1998 жылдары аралығында (ҚазМХҚжәне ӘТУ)Қазақ Мемлекеттік Халықаралық Қатынастар мен Әлем Тілдері Университеті шетел тілдерін оқыту әдістемесінің оқытушысы ретінде жұмыс істеуді жалғастырдым. 2013жылы Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ-де 6М011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша магистратураға түсіп, оны 2015ж. аяқтадым. 2015ж. бастап Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ-де екінші жоғары білім беру кафедрасының оқытушысы ретінде жұмыс істедім. 2016-2018 жылдары аралығында Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық Университеті колледжінде лингвистикалық пәндер циклының оқытушысы ретінде жұмыс істедім. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде лингвистикалық пәндер циклының оқытушысы ретінде қосымша жұмыс істеймін.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0