Аубакирова Гаухар Болатовна 1991 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Алтынемел ауылында дүниеге келген. Білімі: 2009 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетінің «050609 - География» мамандығына түсіп, 2013 жылы үздік дипломмен бітірді. 2014 жылы география және табиғатты пайдалану факультетінің «6М060900 – География» мамандығының, ғылыми – педагогикалық бағыты бойынша магистратура бөлімінің мемлекеттік білім грантын иеленді. 2016 жылы «6М060900 – География» мамандығы бойынша «жаратылыстану ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алды. 2020 жылы әл – Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «8D01503 География» білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсіп, қазіргі таңда 3 курс докторанты. Еңбек, ғылыми-педагогикалық қызметі: география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында 2013-2016 жж. маман, 2016-2018 жж. ассистент, 2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін оқытушы қызметін атқарып келеді. Ғылыми- педагогикалық өтілі-10 жыл. 2015 – 2017 жылдар аралығында «Қазақстан Республикасы аймақтары әлеуметтік-демографиялық дамуының электрондық атласын ГАЖ технологиялары мен ақпаратты қорғауды пайдалану негізінде өңдеу және құрастыру», 2018 – 2020 жылдар аралығында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы өңірлері халқының өмір сүру сапасын кешенді кеңістіктік талдаудың атластық ақпараттық жүйесін жасау» атты жоба жұмыстарын зерттеумен айналысуға қатысты. 20-дан астам ғылыми мақалалардың авторы.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Бакалавриат |
2013 |
3
құжаттар
1