Басты бет / География және табиғатты пайдалану / География, жерге орналастыру және кадастр / Шакирова Гулимшат Сатыбалдиевна

Шакирова Гулимшат Сатыбалдиевна

География, жерге орналастыру және кадастр
Scopus author ID: 55964287800
       АВТОБИОГРАФИЯ Мен, Шакирова Гүлімшат Сатыбалдиевна, 1972 жылы 31 мамырда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қызыларай ауылында дүниеге келдім. 1989 жылы Қызыларай орта мектебін бітіріп, В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Геологиялық-барлау факультетіне оқуға түстім. 1994 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдадым. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін 1994 жылы жас маман ретінде «Кристаллография, минералогия және петрография» кафедрасында инженер қызметіне қалдырылдым. Кейін оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқардым. 1996–2000 жылдары сырттай аспирантурада оқып, ҚР БҒМ–ҒА ғылыми қорының және іргелі ғылыми зерттеулер бағдарламалары бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатыстыm (1996–2000 жж.). 2001 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Геология және мұнай-газ ісі институтында оқу- тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқардым. 2002–2005 жылдары Қазақстан-Британ техникалық университетінде (ҚБТУ) инженер, зертхана меңгерушісі, кейін Қазақстан геологиясы және жер қойнауын қорғау кафедрасының аға оқытушысы болып еңбек еттім. Университеттегі қызметім барысында оқу процесін ұйымдастыруға және сабақтарды өткізуге белсенді қатысқаным үшін бірнеше мәрте алғыс хаттармен марапатталдым. 2005–2007 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының география кафедрасында жұмыс істедім. 2007 жылы конкурс негізінде «Жалпы геология, минералогия және петрография» кафедрасының аға оқытушысы болып сайландым. 40-тан астам ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторымын. 2013 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да магистранттар арасында жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласы бойынша үздік ғылыми-зерттеу еңбектері үшін ғалым-геолог Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлыққа ие болдым. 2018 жылғы 19 наурыз – 2024 жылғы 8 мамыр аралығында «Қазгеология» АҚ-да, РФ «Южгеология» ұйымында 1-санатты геолог қызметін атқардым. 2024–2025 оқу жылында Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да ГСПиМРПИ кафедрасында оқытушы болып жұмыс істедім. Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарып келемін
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
Қ.И.Сәтбаев ҚазҰТУ Жоғары 1994
Академикалық дәреже