Рыскулбекова Лаура Молдахановна, 1971 жылы 25 маусымда туылған. Орта мектепті ойдағыдай бітіргеннен кейін, 1991-1996 жылдары Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің геологиялық барлау факультетінің «Гидрогеология және инженерлік геология» мамандығы бойынша оқып, «гидрогеолог тау-кен инженері» біліктілікті дипломын алды. 1996-1999 жылдары Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Гидрогеология және инженерлік геология» мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі оқу бөлімін оқыды. 2002 жылдан бастап Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің, оқу-әдістемелік бөлімінің, Біліктілігі жоғары деңгейдегі әдіскері қызметін атқарды. 2003 ж. Геологиялық барлау институтының кафедрааралық оқу тас кесу-ажарлау зертханасының біліктілігі жоғары деңгейдегі шебері болып, ал 2005 ж. офис-менеджер- тіркеушісі, 2011 ж. "Инженерлік жүйелер және желілер" кафедрасының ассистенті болып жұмыс жасады. 2012-2014 ж.ж. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің, магистратурасында "Су ресурстары және суды пайдалану" мамандығы бойынша оқып, ауылшаруашылығы ғылымының магистрі атағын алған. 2014 ж. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің, Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті, Әдістемелік жұмыстар және оқу-зертханалық база бөлімінің, әдіскері, 2016 ж. "Құрылыс және құрылыс материалдары" кафедрасының инженері болып жұмыс жасады. 2016-2018 жж. Орталық Азия университеті, "Инновациялық технологиялар және техника" кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды. 2018-2021 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің докторантурасында «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша білім алған, 2022 ж. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, "Су ресурстары және мелиорация" кафедрасының философия докторы (PhD) дәрежесін қорғап шықты. 2019 ж. Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, "Өңдеу технологиясы және стандарттау" кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс жасады. 2020 ж. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, "Су ресурстары және мелиорация" кафедрасының ассистенті болып жұмыс жасады. 2022-2024 жж. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, "Су ресурстары және мелиорация" кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет жасады. Университеттік және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарларға қатысып-7, оның 4 ғылыми журналдарда, Халықаралық Scopus базасында 2 жарияланды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Қ.И.Сәтбаев ҚазҰТУ
Жоғары
1996

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
01.03.2024
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0