Шайқыслан Ерқасым Шайқысланұлы 1993 жылы 21 наурызда Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Сарқанд орта мектебін бітірген. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «5В060900 – География» мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантын иеленді, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетінің 1 курсына оқуға қабылданды және 2015 жылы «Жаратылыстану ғылымдарының бакалавры» дәрежесін алды. Сондай-ақ 2015 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, география және табиғатты пайдалану факультетінің «6M060900 -География» мамандығы бойынша магистратурада мемлекеттік білім грантын иеленді. Оқыту бағыты: ғылыми-педагогикалық. 2016 жылы Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінде (РУДН) біліктілігін арттыру курсынан өтті. 2017 жылы ARCGIS, ARCMAP бағдарламалары бойынша Лейпциг университетінде тағылымдамадан өтті, 2023 жылы Гданьск университетінде (Польша) ғылыми тағылымдамадан өтті. Шайқыслан Е.Ш. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқып жүргенде факультеттің іс-шараларына белсене араласты. Шайқыслан Е.Ш. өз мамандығын жетік меңгерген білікті маман. Кафедра мен факультеттің көптеген жұмыстарына белсене қатысты, студенттер арасында іс-шаралар ұйымдастырды. Сонымен қатар, көптеген басқа да ғылыми конференцияларда ғылыми мақалалары мен мақалаларымен таныстырды. Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «8D01503-География» мамандығы бойынша докторантураның 3-курсында білім алуда.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Бакалавриат
2015
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0