Мен Абдіманапов Бахадұрхан Шәріпұлы 1966 жылы 15 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы Киров ауданы, Большевик совхозында қызмет етушілер отбасында қазіргі (Мақтарал ауданы, Ш. Ділдабеков, ауылдық округінде дүниеге келдім) 1983 жылы № 7 Макаренко атындағы орта мектепті аяқтап, Большевик совхозында сад/ огород бөлімінде жұмыс жасадым. 1984 – 1986 жылдар аралығында Ресей федерациясы Иванов облысында Совет әскері қатарында әскери борышымды өтеп, кіші сержант әскери атағым бар. Әскери борышымды өтеп оралғаннан кейін, 1989 жылға дейін бұрынғы жұмыс орнымда қызмет жасадым. 1989 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазіргі (Абай атындағы ҚазҰПУ) география факультеті, география –биология мамандығы бойынша 1994 жылы үздік көрсеткішпен оқу орнын аяқтадым. Түлектерді жұмыс орнына бөлу арқылы Абай атындағы ҚазҰПУ – нің география Казахстана кафедрасында ассистент болып жұмыс жасадым. 2003 жылы кандидаттық диссертацияны қорғап, география ғылым кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болдым. 2006 жылы географ-экология факультетінің деканның оқу-іс жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. 2007 жылдың сәуір айынан бастап 2008 жыл тамыз айы аралығында Банк Ісі Академиясында проректор қызметін атқардым. 2008 жылы география доценті ғылыми атағы берілді. 2012 жылы Азербайжан Республикасының география ғылыми институтында докторлық диссертациямды қорғап, география докторы ғылыми атағына ие болдым. Жоғары саналы ұстазбын. 100-ге жуық ғылыми жұмыстардын авторымын, соның ішінде орта мектеп оқушыларына арналған оқулықтар (Жаратылыстану. 5 – сынып. 2005,2010, 2015 жж.) және жоғарғы оқу орындарына арналған оқу- методогикалық материалдар. «2014 жылдың университеттің үздік ұстазы» байқауының жеңімпазымын.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

ҚазПИ
Жоғары
1994

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
23.01.2004

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
21.01.2008
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0