Басты бет / География және табиғатты пайдалану / География, жерге орналастыру және кадастр / Зейнолданова Аяулым Бағдатқызы
Зейнолданова Аяулым Бағдатқызы
Зейнолданова А.Б. Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал
қаласында дүниеге келген.
2019 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
География және табиғатты пайдалану
факультетінің География, жерге орналастыру және кадастр
кафедрасына 6В07304 – Кадастр білім
беру бағдарламасы бойынша оқуға түсіп, 2023 жылы аталған
университеттің бакалавр дәрежесін
сәтті аяқтады.
2023 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы Сәрсен
Аманжолов атындағы
университеттің Заң факультетінің Құқықтану мамандығына оқуға
қабылданып, 2025 жылы оқуын
тәмамдап, 7М04201 – Құқықтану мамандығы бойынша магистр
дәрежесін алды.
2023–2025 жылдар аралығында Алматы қаласы, Алмалы ауданының
көші-қон полиция бөлімінде
қызмет атқарды.
2025 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің География және табиғатты
пайдалану факультетінің География, жерге орналастыру және
кадастр кафедрасында оқытушы
қызметін атқарып келеді.
Оқытатын пәндері:
"Жерді мемлекеттік тіркеу, есепке алу және түгендеу","Жылжымайтын мүлік және құрылыс
аумақтарының кадастры","Жерді пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылау","Жерге
орналастыру сызбасы","Жер-кадастрлық жұмыстар менеджменті"
Қазіргі таңда 1-курс студенттеріне жетекші-эдвайзер қызметін атқаруда.
Бірінші жоғарғы білімі
| Білім беретін мекеме | Квалификация | Аяқталу күні |
|---|---|---|
| әл-Фараби атынд.ҚазҰУ | Бакалавриат | 2023 |