Басты бет / География және табиғатты пайдалану / География, жерге орналастыру және кадастр / Есболған Біржан Нұржанұлы
Есболған Біржан Нұржанұлы
2001 жылдың 22 сәуірінде Жамбыл облысы, Шу ауданының Шу қаласында дүниеге келді. Табиғаты мен тарихы терең, рухани
тамыры бай өлкенің топырағында туып, балалық шағы Жетісу облысы Ақсу ауданына қарасты Жансүгіров кентінде өтті. Бұл
өңірдің кең даласы мен көркем табиғаты болашақта география ғылымына деген қызығушылығының қалыптасуына негіз
қалады.
2007–2016 жылдары Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-гимназиясында білім алып, оқу барысында жаратылыстану
бағытындағы пәндерге ерекше ынта танытты. Ерте жастан білімге құштарлығы мен жауапкершілігі арқылы қатарластары
арасында ерекшеленіп, ғылыми ойлауға бейімділігін көрсетті.
2016–2018 жылдары Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас Ұлан» мектебінде оқып, азаматтық
көзқарасы мен тұлғалық болмысы қалыптасты. Бұл білім ордасы оның өмірлік ұстанымдарын айқындап, елге қызмет ету
мұратын санасына сіңірді.
2018 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің Геодезия
және картография кафедрасына оқуға түсіп, кәсіби жолын ғылыммен байланыстыруға нақты қадам жасады. 2018–2022
жылдары аталған оқу ордасында білім алып, геодезия саласының теориялық негіздері мен практикалық қырларын терең
меңгеріп, бакалавр дәрежесін иеленді.
2022–2024 жылдары осы университетте магистратурада оқуын жалғастырып, геодезия ғылымының заманауи бағыттарын
зерттеуге ден қойды. Ғылыми ізденіс кезеңінде кеңістікті өлшеу, картографиялық модельдеу, жер ресурстарын бағалау
мәселелеріне ерекше назар аударып, бірқатар ғылыми жұмыстарымен көзге түсті. Нәтижесінде геодезия мамандығы
бойынша магистр академиялық дәрежесін алды.
2024 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында оқытушы қызметін атқарып келеді. Бүгінде ол жас ұрпаққа білім
мен ғылымның шамшырағын ұстатқан ұстаз ретінде кәсіби тәжірибесін білім алушылармен бөлісіп, геодезия мен кеңістіктік
ғылымдар саласында болашақ мамандарды даярлауға үлес қосуда.
Ғылыми-педагогикалық қызметінің басты мақсаты – география мен геодезия ғылымдарын ұштастыра отырып, ұлттық
ғылыми мектептің дамуына үлес қосу, табиғат пен кеңістік заңдылықтарын тануға бағытталған жаңа буын зерттеушілерін
қалыптастыру.
Бірінші жоғарғы білімі
| Білім беретін мекеме | Квалификация | Аяқталу күні |
|---|---|---|
| әл-Фараби атынд.ҚазҰУ | Бакалавриат | 2022 |