Жұмағұлов Қалқаман – белгілі ғалым-тарихшы, дүниежүзі тарихы мен отандық тарих саласындағы жетекші маман, «Құрмет» орденінің Кавалері (2006), ҚР ҰҒА-ның Құрметті академигі (2013), Геттинген университетінің Құрметті профессоры (Германия, 1999), ҚР-ның білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2007), Алматы облысының Құрметті азаматы (2011 ж.), тарих ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998). 1972 жылы 6-жылдық арнайы бөлімді үздік бітіргеннен кейін жалпы тарих кафедрасына оқытушылық қызметке қалдырылды. Содан бері, 51 жыл бойы, 1972 жылдан бастап ол ассистент, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, тарих факультетінің деканы (екі рет), профессор, ерте дүние және орта ғасырлар тарихы кафедрасының меңгерушісі (1991-2007 жж) қызметтерінде туған университеттіңқабырғасымен байланысты болды. 2007-2011 жылдар аралығында – дүниежүзі тарихы, 2011-2016 жж. – әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі. 25 жыл бойы үздіксіз кафедра меңгерушісінің қызметіндегі маңызды жетістіктері мен ерен еңбегі үшін Ғылыми Кеңестің шешімімен Қ.Т. Жұмағұловқа «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің құрметті кафедра меңгерушісі» деген атақ берілді. Қазіргі уақытта аталмыш кафедраның профессоры, Дүниежүзі тарихын зерттеу бойынша Республикалықғылыми орталығының директоры болып табылады. ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі (2000 ж.), ҚР Гуманитарлы ғылымдар академиясының академигі, ҚР ҰҒА академигі (2013). Геттинген университетінің құрметті профессоры (1999 ж.), Францияның аймақтық тарихшылар Қауымдастығының мүшесі (2012 ж.), 2013 ж. Қазақстан тарихшылары Қауымдастығының алқа мүшесі, Халықаралық DAAD грантының 6 рет иегері Профессор Қ.Т. Жұмағұлов - қазақтан шыққан алғашқы тарихшы-медиевист. «Орта ғасырлар тарихы», «Жалпы тарихтың мәселелері», «Еуразия тарихы мен өркениетіндегі ғұндар», "Ватикан архивтері" атты негізгі дәрістік курстарды қазақ, орыс және неміс тілдерінде оқиды. Ол тарих ғылымының дамуына елеулі үлесін қосты. 500-ден аса еңбектің авторы. Олардың ішінде монографиялар: Древнегерманское общество (1993); Проблемы истории германских племен (2002); Аттила (2020), Халықаралық қатынастарда «Шығыс мәселесі» (2021) және т.б. Оның қаламынан көптеген оқу, оқу- методикалық құралдары мен ғылыми мақалалар шыққан: Ақ боз атты Аттила; Великая степь в контексте мировой истории (2014), Каталаунская битва (2015); The Huns and the Great migration in Europe (2020), Важно для Казахстана и тюркского мира (2022).
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1972 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Доктор |
31.10.1997 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
профессор |
05.06.1998 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
---|---|
Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін | 06.10.2009 |
әл-Фараби атындағы ҚазҰУға сіңірген еңбегі үшін Күміс медалі | 06.10.2009 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
Ы.Алтынсарин төсбелгісі | 08.02.2008 |
"Қазақстан Республикасаы білім беру ісінің құрметті қызметкері белгісі | 15.12.2007 |
Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін | 09.02.2007 |
Мемлекеттік грант "2006 жылғы ЖОО үздік оқытушысы" | 09.01.2007 |
"Құрмет" ордені | 08.12.2006 |
8
құжаттар
1