Төлеуханов Сұлтан - биология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның Жоғарғы мектебінің ұлттық ғылым академиясының академигі. 1973 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) биология факультетінің биофизика кафедрасын бітірген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биофизика кафедрасының бірінші түлегі және бірінші аспиранты. 1968 жылдан осы күнге дейінгі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де студент (1968-1973 жж.), стажёр– зерттеуші (1973-1975 жж.), аспирант (1975-1978 жж.), кіші ғылыми қызметкер (1978-1982 жж.), аға ғылыми қызметкер (1982-1983 жж.), аға оқытушы (1983-1986 жж.), доцент (1986-1999 жж.), профессор (1999 жылдан бастап), деканның оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары (1989- 1991 жж.), Университеттің студенттер тәрбиелеу мәселесінің проректоры (1991-1993 жж.), Биология және биотехнология проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының тұңғыш директоры (1993-2001 жж.), ҚазҰУ-нің ішіндегі Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру институтының директоры (2002-2010 жж.), адам және жануарлар физиологиясы мен биофизика кафедрасының, сонымен жаңа биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі (1999-2020 жж.), қазіргі жаңа биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының профессор қызметтерінде аянбай еңбек етіп келеді. Сұлтан Төлеуханұлының еңбектерінің нәтижесі университет, Республика деңгейінде бағаланып «ҚР Конституциясының 10 жылдығы» белгісімен (2005 ж.), «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үздік оқытушысы белгісімен (2008 ж.), екі мәрте «ҚР Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» атағымен және медалімен (2008 ж., 2014 ж.) бес мәрте «Ғылым және техниканың дамуына зор үлесін қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясымен» (2007-2008 жж., 2008- 2009 жж., 2011-2012 жж., 2014ж., 2020ж.) «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 75 жыл» медалімен (2009 ж.), «Ахмет Байтұрсынов атындағы» медалмен (2009 ж.), «ҚР Құрмет грамотасымен» (2009 ж.), «ҚР тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен (2016 ж.), «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен және атақпен (2019 ж.), «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға сіңірген ерең еңбегі үшін» Күміс медалімен (2021 ж.), «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері» (2022 ж.) төсбелгісімен марапатталды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Доктор
19.12.1997

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
профессор
12.02.1999
Мемлекеттік сыйлықақылар
Сыйлықақылар атауы Берілген күні
Қазақстан Республикасының құрмет грамотасы 12.12.2009
"Қазақстан Конституциясына 10 жыл" мерейтойлық медалі 01.12.2001
ҚР білім беру саласындағы сіңірген еңбегі үшін" белгісі
"Құрмет" ордені
Мемлекеттік грант "2008 жылғы "ЖОО үздік оқытушысы"
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

36

Цитирования
169 по 155

құжаттар

h-индексі

8