Мен, Мырзахметова Майра Кабдраушевна, ұлты-қазақ, 17 ақпанда 1948 жылы Талдықорған (қазіргі Алматы) облысында Қаратал ауданы "Новый мир" ауылында мұғалім отбасында тудым. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1967 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің биология факультетіне түсіп (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) және 1972 жылы биолог- адам және жануарлардың физиологиясы мамандығы бойынша оқу бітірдім. 1972-1975 жылдары АММИ қалыпты физиология кафедрасында аға лаборант болып жұмыс істедім. 1976 жылдан бастап 2015 жылға дейін физиология институтында. аға лаборант жұмыс лауазынан бастап, кейін кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылым қызметкері болдым. 1990-1993 жылдары физиология институтында ғылыми хатшы қызметін атқардым 1994 жылдан бастап лимфа және қан тамырлар жүйесі физиология, содан кейін қан айналымы физиологиясы зертханасындарда аға ғылыми қызметкер болдым. Докторлық диссертациясын қорғағаннан кейін 2001 жылдан бастап 2004 жылға дейін қан айналымы физиологиясы зертханасының бас ғылыми қызметкері, 2005 жылдың қаңтар айынан бастап физиология мембранасы зертханасының меңгерушісі, 2012-2014 жж. – осы зертханасының бас ғылыми қызметкері. 2015 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының профессор лауазымында жұмыс істеймін.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

С.М.Киров атынд.ҚазМУ
Жоғары
1972

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Доктор
01.09.2012

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
профессор
01.01.2001
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

26

Цитирования
194 по 180

құжаттар

h-индексі

8