Кулбаева М.С. 1969 жылы ОҚО, Келесс ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. 1986 жылы орта мектепті күміс медалімен, ал 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің биология факультетін үздік бағамен бітірген. 1993-1994 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ 105.10.031 шаруашылық келісім-шарт ғылыми-зерттеу жұмысының инженері. 1994-1996 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ биология факультетінің биофизика және биохимия кафедрасының инженері. 1996-2000 жылдары биофизика және биологияны оқыту әдістемесі кафедрасының инженері, 2000-2008 жылдары адам және жануарлар физиологиясы мен биофизика кафедрасының 1 категориядағы маманы, 2008-2011 жылдары – осы кафедраның жетекші маманы, 2011-2012 жылдары – осы кафедраның оқытушысы, 2012-2016 жылдары – осы кафедраның аға оқытушысы, 2016-2018 оқу жылдары – осы кафедраның доцент м.а., 2018-2019 оқу жылдары осы кафедраның аға оқытушысы, 2019-2020 жылдары осы кафедраның доцент м.а. қызметі, 2020-2023 жылдары биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарып келеді. 1998-2002 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аспирантура бөлімін сырттай оқып бітірді, 2011 жылы биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2017 жылдан "Роль лимфатической системы в адаптивных и компенсаторных реакциях организма экспериментальном гипотиреозе и разработка способов коррекции нарушений функции щитовидной железы" жобаға БҒҚ 0,25 ставкада қызметке алынды (ИРН: АР05132991, жетекшісі Абдрешов С.Н., 6 млн.). Баспадан шыққан 190 дана ғылыми еңбектері бар, соның ішінде 69 мақалалар, 83 тезистер, 17 – оқу құралы мен методикалық нұсқау. 13 – авторлық құқығын алған, 8 – халықаралық мақала (Скопус базасында, Хирша - 2) шыққан. Дәрістер жүргізу бағыты: биофизика, медициналық биофизика, нейроғылымдағы биофизика, радиациялық биофизика, биоэнергетика, фотобиология, хронобиология, акупунктураның биофизикалық және физиологиялық негіздері, биологиядағы бос-радикалды процестер. Факультеттің методбюро мүшесі, негізгі және жұмысшы оқу жоспарын (ОУП, РУП) құрастырушылар құрамының, мемлекеттік емтихан қабылдау комиссиясының мүшесі. 2011 оқу жылынан бері кафедрада ұйымдастырылған «Биофизика және биомедицина мәселелері» үйірмесі мен «Биофизика және биомед» клубының жетекшісі, факультетте кураторлық-эдвайзерлік қызметін атқарады. 2000-2006 және жылдар аралығында “ҚазҰУ Хабаршысы. Биология сериясы” журналының техникалық редакторы қызметін атқарған.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1993

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
26.02.2011

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
24.10.2024
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

12

Цитирования
50 по 50

құжаттар

h-индексі

3