Биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі (2020). Университетте оқуын аяқтағаннан кейін, 1984 жылдан бастап Моңғолия Ғылым Академиясының Жалпы биология институтының микробиология лабораториясында кіші ғылыми қызметкер, 1986 жылдан МҒА Биотехнология институтының микробиологиялық синтез лабораториясының аға ғылыми қызметкері. 1989-1990 жж. – КСРО Ғылым Академиясының Өсімдіктер физиологиясы институтында стажер- зерттеуші (Мәскеу қ.). 1990-1992 жж. Ленинград мемлекеттік университеті Биотехнологиялық орталығының стажер-зерттеушісі, 1992 жылдан Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің генетика және селекция кафедрасының аспиранты. 1996 жылы "Норфулорозанға төзімді Chlamydomonas reinhardtii мутантты штаммдарының генетикалық талдауы" тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғады, СПбМУ биология ҒЗИ аға ғылыми қызметкері 2006 жылы "Су экожүйелерінің мониторингінде, функциялануында және ремедиациялауда фототрофты микроорганизмдердің рөлі" тақырыбы бойынша экология – 03.00.16, микробиология – 03.00.07 мамандықтары бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғады. 2003 жылы оған "доцент" және 2007 жылы "профессор" ғылыми атағы берілді, 2017 жылы ҚР ҰҒА корреспондент - мүшесі және 2020 жылы ҚР ҰҒА академигі болып тағайындалды. 2001 жылдан бері – әл - Фараби атындағы ҚазҰУ микробиология кафедрасының доценті, 2007 жылдан – микробиология кафедрасының профессоры, 2011-2015 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасының меңгерушісі. 2015-2023 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің деканы. 2023 жылдан биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасының профессоры болып жұмыс жасайды. Қазақстанда алғаш рет Б.К. Заядан басшылығымен әл-Фарабидің атындағы ҚазҰУ-да фотобиотехнология зертханасы құрылды, оның базасында фототрофты микроорганизмдердің экологиясы және биотехнологиясы бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіледі.Б.К. Заядан Жапония, Қытай, Польша, Ресей, Чехия,Ұлыбритания және АҚШ-тың ірі ғылыми орталықтарымен бірлескен зерттеулер жүргізеді. Оның жетекшілігімен 6 кандидаттық, 12 PhD докторлық диссертациялар қорғалды. 400-ден астам жарияланымдар оның ішінде 26 кітап, 8 монография және 30 патент, 84 мақалалар нөлдік емес импакт-фактор журналдарда жарияланды, Scopus индексі – 20, дәйексөз – 1674.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Мемл.унив. |
Жоғары |
1984 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
17.01.1997 |
|
Доктор |
04.10.2006 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
07.10.2003 |
профессор |
30.05.2008 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
Мемлекеттік грант "2008 жылғы "ЖОО үздік оқытушысы" | |
Ы.Алтынсарин төсбелгісі | |
ҚР білім беру саласындағы сіңірген еңбегі үшін" белгісі |
65
құжаттар
19