Светлана Қазбекқызы Тұрашева 1973 жылы 7 қарашада Алматы облысында дүниеге келген. 1990 жылы Алматы қаласындағы №40 орта мектепті бітірді. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірді, «Биолог. Биология және химия пәнінің оқытушысы» квалификацияяны алды. Өсімдіктер физиологиясы, генетика және биоинженерия институтында (ӨФГБИ) тағылымдамадан өткен соң, аспирантураның «03.00.23-Биотехнология» мамандығы бойынша күндізгі бөліміне оқуға түсті (1997-2000). 2001-2004 жылдар аралығында биотехнология зертханасының кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 2003 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады (диссертация тақырыбы: "Совершенствование биотехнологических методов создания андрогенных дигаплоидов мягкой пшеницы", 2004 жылы «03.00.23-Биотехнология» мамандығы бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2011 жылы 03.00.01-Биология мамандығы бойынша доцент (қауымд.профессор) ғылыми атағы берілді; 2024 жылы 03.00.01-Биология мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді. Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының жасушалық инженериясы зертханасында 2004 жылдан бастап ғылыми қызметкер, содан кейін аға ғылыми қызметкер (2005-2007 ж.) ретінде жұмыс істеді. 2005-2006 жылдары аға оқытушысы болып Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының биология кафедрасында қызмет атқарды. 2006-2014 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасының доценті, 20014 жылдан бастап профессор м.а., 2024 жылдан бастап қазірге дейін биотехнология кафедрасының профессоры болып қызмет атқаруда.130-дан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 монографияның, 2 ұжымдық монографияның, 8 оқу-әдістемелік басылымның, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен РОӘБ мөрі басылған қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі 4 оқулықтарының авторы болып келеді, 3 патенттің авторы. Республикалық және халықаралық жобалардың (МАГАТЭ) жауапты орындаушысы болып келеді. Ғылыми-педагогикалық қызметкерлер үшін тағылымдамадан, тренингтерден, тіл курстарынан және біліктілігін арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттарым бар (IELTS, TOEFL, IAEA/IAEA, халықаралық аккредиттеу агенттігі ASIIN, инженерлік білім бойынша халықаралық ENAEE, Өрлеу сертификаты). Мен неміс,ағылшын, қазақ, орыс тілдерін білемін. Жалпы еңбек өтілі: 34 жыл, оның ішінде ғылыми және педагогикалық өтілі – 25 жыл. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» медалінің және атағының иегері (2019 ж.), ҚР ҒжЖБМ Алғысхаттың иегері (2023)


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1996

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
23.01.2004

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
31.03.2011
профессор
28.10.2024
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

10

Цитирования
61 по 59

құжаттар

h-индексі

4