Туған жылы: 04.07.1979 Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Еңбек қызметі: 2001–2003 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті микробиология кафедрасының зертханашысы, 1-санаттағы маманы. 2003–2006 жж. – ДГП «НИИ ПЭ» кіші ғылыми қызметкері (МҒҚ). 2006–2009 жж. – микробиология кафедрасының оқытушысы. 2012 жылдан – аға оқытушы. 2015–2017 жж. – доцент м.а. 2018–2020 жж. – биотехнология кафедрасының доценті. 2020–2024 жж. – биология және биотехнология факультетінің декан орынбасары. 2024 жылдан – биотехнология кафедрасының профессоры. Гранттық қаржыландыру жобаларының жетекшісі: «Биожанармай, биотыңайтқыштар және биологиялық белсенді заттар өндіруге перспективті фототрофты микроағзалардың коллекциялық мәдениеттерін толықтыру, сақтау, аттестаттау және деректер банкін құру» (2015–2017), тіркеу № 015РК00290. АР05131743 «Фототрофты микроағзаларды пайдалана отырып, ластанған су экожүйелерінің күйін биомониторингтеу және болжау технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу» (2018– 2020). АР08052402 «Азотфиксирлеуші цианобактериялар негізіндегі биотыңайтқыштар алу технологиясын әзірлеу» (2020–2022). AP09260077 «Сұйық отын – биобутанол алу үшін отандық микроводоросльдер коллекциясының биотехнологиялық әлеуетін зерттеу» (2021–2023). AP23488028 «Ауыл шаруашылығы дақылдарының төзімділігі мен өнімділігін қамтамасыз ететін балдыр-бактериялық биопрепараттарды алу және сынау технологиясын әзірлеу» (2024–2026). Халықаралық жобалар және ынтымақтастық: Биотыңайтқыштар мен биопестицидтер бойынша ҒЗТКЖ жүргізу және оларды өндіріске енгізу (2021.10–2025.09), Tianjin Synthetic Biotechnology Innovation Capacity Enhancement Initiative (Тяньцзинь, ҚХР) қолдауымен. Ауыл шаруашылығында синтетикалық микробиом технологиялары бойынша Қытай–Қазақстан бірлескен зерттеу орталығын құру, Қытай ғылым академиясының Тяньцзинь өнеркәсіптік биотехнология институты (TIB CAS) негізінде (2024.10–2026.09), Tianjin Science and Technology Programme қолдауымен. Belt and Road Young Talent Program бағдарламасының стипендианты; жоба Tianjin SynBio 2021 бағдарламасы аясында қаржылық қолдау алды (ҚХР). Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми кеңесінің (ҚР ҰҒК) «Агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» басымдығы бойынша мүшесі.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2001 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
30.11.2006 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
13.12.2017 |
профессор |
01.12.2023 |
44
құжаттар
18