ЕРЕЖЕПОВ ӘДІЛ ЕРЕЖЕПҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ Ережепов Ә.Е., б.ғ.к., доцент, 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1967 жылы мектепі Алтын медальға аяқтап, С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің Биология факультетіне оқуға түсті. 1972 жылы осы университеттің Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы кафедрасын аяқтаған соң ол аспирантураға қабылданды. Академик Т.Б.Дарқанбаев пен б.ғ.к. С.З.Заировтың жетекшілігімен 03.00.04-биохимия мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Кәсіби қызметі: • 1975-1990 – «Өсімдіктердегі зат алмасу биохимиясы» Проблемалық ғылыми-зерттеу лабораториясында лаборант, аға лаборант, ғылыми- және аға ғылыми қызметкер. • 1990 жылдан бастап осы күнге дейін Биотехнология кафедрасының доценті. • 1992-2001 және 2008-2013 – биология және биотехнология факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары. • 1996-2000 – факультет магистратурасын бстығы. • 2001-2002 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің магистратурасы бөлімінің бастығы. • 2005-2007 – М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нде Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің деканы. Еңбек стажы – 46 жыл. Ғылыми-пед. стажы – 37 жыл. Педагогикалық және ғылыми еңбектерінің саны 210-ға жуық. Солардың ішіндегі кейбір елеулі оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары: • «Қазақ тілі терминдерінің салалық түсіндірме сөздігі» (С.Арыстанғалиев және т.б. бірге), Алматы, Мектеп, 2002, 336 б. • «Өсімдіктер эмбриологиясы»: оқу құралы (қаз.-орыс тілдерінде: С.К.Мухамбетжанов, І.Р.Рахимбаевпен бірге). Шымкент, 2006, 108 б. • «Лабораториялық жұмыстардың негіздері»: оқу құралы (қаз.-орыс тілдерінде қаз.-орыс тілдерінде: С.Ә.Жөкебаева және т.б. бірге). Алматы, 2010, 209 б. • «Өсімдіктер физиологиясы»: оқу құралы (Г.Т.Бозшатаева және т.б.бірге). Шымкент, 2007, 191 б. • «Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық жұмыстар: оқу құралы (қаз.-орыс тілдерінде: С.К.Мухамбетжанов, Г.Ж.Валихановамен бірге). Алматы, 2007, 2011, 117 б. • «Техническая биохимия»: оқу құралы (Б.Р.Қодаровпен бірге). Алматы, «Қазақ университеті», 2011, 260 б. • «Дәнді, жарма және техникалық дақылдар биохимиясы (Техникалық биохимия)»: оқулық. Алматы: «Дәуір», 2015, 298 б. • «Медициналық биотехнология»: оқу құралы (Р.У.Бейсембаева және т.б. бірге). Алматы, «Қазақ университеті», 2018, 343 б. • Ережепов Ә.Е. Биологиялық химия: теория және практика: оқу-әдістемелік құрал. Алматы, «Қазақ университеті». 2020, 314 б. • Шет тілдерінен 4 оқулық қазақ тіліне аударылды (Д.Ережеповпен бірге) – жалпы көлемі
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1972 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
31.10.1984 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
27.09.1996 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
"Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалі | 10.11.2011 |
1
құжаттар
1