Мен, Мейрманова Гүлжан Асанқызы, 28.07.1979, Қазақстан Республикасының азаматы. 1996 жылы орта мектепті аяқтап, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсіп, тарих мамандығы бойынша білім алдым. Университетті үздік бітіргеннен кейін ғылыми-зерттеу жұмысына белсене араласып, этнология саласында еңбек жолымды бастадым. 2015 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің этнология кафедрасында қызмет атқарып келемін. Қазіргі таңда кафедраның доцентімін. Ғылыми-зерттеу бағытым – қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, этнографиясы, фольклоры және әлеуметтік институттарының тарихи- мәдени трансформациясы. Ғылыми еңбектерімде қазақ халқының үйлену салт-дәстүрлері, қалыңмал институты, әйел бейнесінің этнографиялық және фольклорлық қырлары, сондай-ақ дәстүрлі дүниетанымдағы демонологиялық образдар мәселелері қарастырылады. Бірқатар мақалаларым республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланған. Қазіргі уақытта этнология және мәдениеттану саласында ғылыми ізденістерімді жалғастырып, жас зерттеушілерге тәлім-тәрбие беріп келемін.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2000 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
|---|---|---|
Кандидат |
23.12.2009 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
|---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
01.01.2001 |
4
құжаттар
1