Құдайбергенова Гүлбақыт Қализатқызы 25.01.1969ж. туған. 1989-1994 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде оқып, «шығыстанушы-филолог, парсы тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы» квалификациясын алып шықты. 2011-2015 жж. Тегеран (Иран) университетінің әдебиет және гуманитарлық ғылымдар факультетінің докторантурасына түсіп, PhD дәрежесін алды. 1994 жылдан бастап қазірге дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің аға оқытушысы ретінде қызмет етіп келеді. 2015-2020 жылдар аралығында қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің шақыруымен Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінде жұмыс жасады. Бірнеше ғылыми және имидждік мақалалардың авторы. Иранның сайттары мен парсы тілді газеттерінде бірнеше мақалалары жарияланды. 2016 ж. American Historical Review (Issue 5(2) December, Volume 121, Oxford University Press журналына ғылыми мақаласы шықты. 2020 жылдың қыркүйек айында Абайдың 175 жылдығына арналған «Ұлы ойшылдардың рухани үндестігі хақында» атты мақаласы Иранның «Иран және Еуразиялық зерттеулер орталығы» сайтында жарияланды.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1994 |
0
құжаттар
0