Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызы (28.09.1961 ж.т., Қызылорда обл., Қазалы ауд. дүниеге келген) – шығыстанушы, лингвист, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіндегі араб бөлімін бітірген (1985). Университетті бітіргеннен кейін еңбек жолын Қазақстан Орталық музейінде ғылыми қызметкер болып бастады (1985-1989 жж.). 1990 жылдан бастап қазіргі таңға дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қызмет атқарып келеді. 1995 ж. Марокко Корольдігіндегі Мауляй Исмаил, 2004, 2008 жылдары Египет Араб Республикасындағы Каир университеттерінде араб тілі мен әдебиеті бойынша біліктілік арттыру тағылымдамаларынан өтті. 1990 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, шығыстану факультеті деканының орынбасары, арабтану кафедрасының меңгерушісі, шығыстану факультетінің деканы қызметтерін атқарды. Ғылыми жұмыс тәжірибесі - 30 жыл. 2002 ж. «Қазақ қисса- дастандарындағы араб, парсы сөздері» атты тақырыпта (ғыл. жетекшісі – проф. Р.Сыздықова) кандидаттық, 2010 ж. «Қазақ тіліндегі араб, парсылық кірме фразеологизмдер» (ғыл. консультант – академик Р.Сыздықова) атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. Соңғы 20 жыл көлемінде қазақ тіліндегі араб, парсы тілдерінен енген кірме лексикалық бірліктер, лингвистикадағы кірмелік мәселесімен, араб, парсы және қазақ мәдени-тілдік байланыстары, орта ғасырлардағы араб жазулы түркі жазба ескерткіштерінің тілін зерттеумен айналысып келеді; 3 ғылыми монографияның, 80 ғылыми мақаланың авторы, лингвистика саласында, мәдени-тілдік байланыстар мәселелері бойынша маман, 2012-2014 жылдарға арналған «Түркі әлемі мен Шығыс: мәдени-тілдік қарым-қатынастар (диахрондық қыры)» атты ғылыми жобаға (гранттық қаржыландыру) жетекшілік етті. Жоба нәтижесі 2014 жылы «Түркі әлемінің Шығыс елдерімен мәдени-тілдік байланысы (араб, парсы және үнді тілдеріндегі түркизмдер)» тақырыбындағы монография түрінде жарық көрді. 1997-1998 жылдары А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Қазақ әдеби тілінің 15 томдық түсіндірме сөздігі» жобасына қатысты. Жобаны қаржыландырған - ҚР БжҒМ; Қазір ҚР БҒМ ҒК грантымен «Мысыр мәдениетіндегі түркілік қабат» атты ғылыми жобаға жетекшілік етеді (2018-2020); 4 PhD жұмысына жетекшілік етіп, қорғатқан. 2012 жылы ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері атанды. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1985 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
08.05.2002 |
|
Доктор |
13.01.2012 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
14.12.2005 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
Мемлекеттік грант " ЖОО үздік оқытушысы" | 09.01.2013 |
"Қазақстан Республикасаы білім беру ісінің құрметті қызметкері белгісі |
Файл атауы |
Тақырыбы |
Сипаттамасы |
---|---|---|
Лингвомәдени зерттеулердің методологиясы |
Силлабус Лингвомәдениетттану.kz (3) |
|
Ғылыми жұмысты жазу әдістемесі |
ВОПРОСЫ К ЭКЗАМЕНУ |
|
Ғылыми жұмысты жазу әдістемесі |
КАРТА МЕТОДОБЕСПЕЧЕННОСТИ ДИСЦИПЛИНЫ |
|
Лингвомәдениеттану |
Силлабус Лингвокультурология.kz |
|
Лингвомәдениеттану |
силлабус лингвокультурология русс |
|
Шығыс тіліндегі аударманың лингво-стилистикалық мәселелері |
Midterm бағдарламасы perevod |
|
Қазақ тіліндегі араб, парсылық кірме фразеологизмдер
Қазақ университетi 2012 - г. ISBN 978-601-247-518 20 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Калиева Ш.С.
Араб тілі
Мектеп 2011 - г. ISBN 978-601-293-305-5 21 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Калиева Ш.С.
Араб тілі. Оқу кітабы.
Мектеп 2011 - г. ISBN 978-601-293-299-7 14 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Калиева Ш.С.
Араб тілі. Әдістемелік нұсқау.
Мектеп 2011 - г. ISBN 978-601-293-301-7 7 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Калиева Ш.С.
Араб тілі. Жұмыс дәптері.
Мектеп 2011 - г. ISBN 9965-36-038-3 9 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Алжанбаева У.Т., Боранбаева А.Ж., Бокулева Б.С.
Араб, парсы және хинди тілдеріндегі түркизмдер сөздігі
" Қазақ университеті " 2015 - г. ISBN әож 80/81 (038) кбж 147 - стр. ҚАЗАҚСТАН
4
құжаттар
1